Ашық сабақ. Математика. 7 сынып. Функция. Функцияның графигі
Мектеп: №264 Мұғалімнің аты-жөні: Ахмедов Н.К. Күні: Қатысқандар: Сынып: 7 Қатыспағандар: | |||||
Сабақтың тақырыбы: | Функция. Функцияның графигі.Қайталау | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.4.1.1 функция және функцияның графигі ұғымдарын меңгеру 7.4.1.5 у= кх+b түріндегі сызықтық функцияның анықтамасын білу, оның графигін салу және графиктің к және b коэффициенттеріне қатысты орналасуын анықтау; 7.4.2.4 екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу; | ||||
Сабақтың мақсаты | . Сызықтық функция графиктерінің өзара орналасуын коэффициенттеріне тәуелді екенін негіздеу және графиктерін салуды үйрету; Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешуде геогебра бағдарламасын қолдануды үйрету. | ||||
Ойлау деңгейлері | Білу, түсіну, қолдану,талдау | ||||
Бағалау критерийі | -Сызықтық функция графиктерінің өзара орналасуын анықтай алады; -Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешуде геогебра бағдарламасын пайдалана біледі. | ||||
Тілдік мақсаттар | Термин сөздер: Функция, аргумент, анықталу облысы, мәндер облысы,график, коэффициент, сызықтық функция, парабола, гипербола 1.Функция ұғымын қалай тұжырымдаймыз? 2.Сызықтық функция графиктерінің өзара орналасуын қалай ажыратасыздар? | ||||
Құндылықтарға баулу | Индустрияландыру мен иновацияларға негізделген экономикалық өнім | ||||
Пәнаралық байланыс | Физика, биология, күнделікті тұрмыста | ||||
Алдыңғы білім | Функция. Функцияның графигі | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 12 мин | Ұйымдастыру: Үй жұмысын тексеру: Өтілген тақырыптар бойынша қайталау. Математикалық диктант 1.Сызықтық функциясы y=kx+b формуламен беріледі, графигі – түзу, екі нүкте арқылы түзу сызуға болады . 2.y=kx функцияның графигін салу үшін О(0;0) нуктесінен басқа тағы бір нүктесі жеткілікті. 3.Сызықтық функцияның графигі абсцисса осіне параллель. 4.Сызықтық функциялардың графиктері бір нүктеде қиылысады немесе параллель болады, немесе беттеседі. 5.y=kx+b формуласымен берілген сызықтық функциялардың графиктері х-тің коэффициенттері әртүрлі болғанда қиылысады; х-тің коэффициенттері бірдей болғанда параллель; х-тің коэффициенттері тең және бірдей болғанда беттеседі. |
Оқулық: алгебра-7 (Әбілқасымова А.Е) Интерактивті тақта
| |||
Сабақтың ортасы 18 минут
5 мин | «Пилот және Навигатор» әдісі. Геогебра бағдарламасын пайдаланып есептерді жұптасып орындайды. Оқулықтан: №38 Функция графигін салыңдар: 1) х+у-3=0; 2) х-у-3=0; 3) y-x+3=0; 4) y-x-3=0; 5) y+2x3=0; 6) y- =0; 7 ) y-=0 теңдеуінің графигін салыңдар. Дескриптор: -Геогебра бағдарламасында салу жолын біледі; №39 1) А(-3;2) және В(1;-1); 2) М(-4;-2) және К(2;4); 3) F(-1;6) және Е(1;-6); 4) Т(5;3) және Р(-5;-3) нүктелері арқылы өтетін сызықтық функцияның формуласын жазыңдар. Дескриптор: -берілген нүктелерді жұмыс парағына салады; -екі нүкте арқылы түзу жүргізіп, сызықтық функция формуласын табады.
№40 х-тің қандай мәндерінде 1) 2,3х-7у+4=0; 2) 5x+4y-9=0; 3) x2+y=0; 4) y=2x2 5) y-=0; 7 ) y+=0 теңдеуінің графигі абсцисса осінің төменгі жағында орналасқан. Дескриптор: - графиктерін жұмыс парағына салады; - абсцисса осінің төменгі жағында орналасқан х-тің мәндерін анықтайды.
Ширату жаттығу: 1.Суретте жаяу жүргіншінің А елді мекеннен Е елді мекеніне жүргендегі жолының графигі берілген. Осы графикті пайдалана отырып сұрақтарға жауап беріңіздер: 1) А және Е елді мекеннің арақашықтығы қанша? 2) Жаяу жүргінші жылдамдығы қандай? 3) Жаяу жүргінші В елді мекенінен қандай арақашықтық жүргесін тоқтады? Қанша сағат демалды? 4) ВС, ДЕ және СД аралығындағы S(t) функциясы формуласын жазыңдар
2. Қоймада 500 тонна көмір бар. Бұл қоймаға күнделікті 30 тонна көмір келеді. 3 ,5 және 10 күннен кейін қоймада қанша тонна көмір болады? Шешуі: х –кундер, y(тонн) – қоймадағы көмір көлемі. Сызықтық функция у=500+30х, мұндағы хєN Егер х=3, онда у=590т; Егер х=5, онда у=650т; Егер х=10, онда у=800т; жауабы: 590т; 650т; 800т.
3. Жеке кәсіпкер айына 300 квт электр жарығын және 50 м3 су пайдаланатын болса, жарты жылда кәсіпкер қанша ақша төлейді? 1 квт – 19,91 тенге, 1 м3- 12,24 теңге
| Оқулық: алгебра-7 (Әбілқасымова А.Е)
www.myshared.ru/amp/983737/ | |||
Сабақтың соңы 5 мин | «Борт журналы» өтілген тақырып бойынша оқушылар кесте толтырып береді Бұрыннан білетінімЖаңадан білгенімӨмірдегі маңызы Үйге тапсырма: Сызықтық функцияға байланысты күнделікті өмірден мысал құрастыру
| ||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | |||
«математикалық диктант» арқылы сызықтық функция туралы еске түсіремін; «Пилот және навигатор» әдісі арқылы есептерді геогебра бағдарламасында орындатып, шығартамын; Ширату жаттығуын алу; Ашық сұрақтар арқылы сызықтық функциялардың өмірдегі маңызын түсіндіремін
| «Ашық микрофон» арқылы алдында өтілген тақырыптар бойынша кері байланыс орнату; Есептер шығаруда оқушылар өзін-өзі, бірін-бірі, дескрипторлар арқылы бағалайды; «Борт журналы» тәсілі бойынша өтілген тақырыпты қаншалықты меңгергендігіне кері байланыс алу. | Компьютерді тоққа қосатын сымдарға, қос тілді розеткілерге тиісуге тиым салынады; Компьютер жанында портфельдер, сумкалар қоюға тыйым салынады; компьютерде суланған қолмен жұмыс істеуге болмайды | |||
Сабақ бойынша рефлексия | |||||
Қосымшалар:
Физика
Дыбыстың ауада таралу жылдамдығының температураға тәуелді формуласы: v=331+0.6t , мұндағы v – жылдамдық, t-температура.
Биология
Адам басындағы шаш тәулігіне 0,4 мм жылдамдығымен өседі. Сондықтанда I=L+0.4t мұндағы I –ұзындық, L-бастапқы шаш ұзындығы, t-күндер саны
Ауылшаруашылығында (Мысалы)
Шаруашылықтың жинаған өнімдер есебі
Х- егілген дәнді дақылдар ауданы
У- алынған өнім
1га | |||
Бидай | 15ц | ||
Күріш | 10ц |
У = 15 Х; У = 10Х
Коммуналды төлемдер есебі
Х – 1 айда жағылған энергия көлемі
1кВт құны – 12,92 тенге
У = 12,92 Х 1айда жағылған жарықтың құны
Қоймада 500 тонна көмір бар. Бұл қоймаға күнделікті 30 тонна көмір келеді. 3 ,5 және 10 күннен кейін қоймада қанша тонна көмір болады?
Шешуі: х –кундер, y(тонн) – қоймадағы көмір көлемі. Сызықтық функция у=500+30х, мұндағы хєN
Егер х=3, онда у=590т;
Егер х=5, онда у=650т;
Егер х=10, онда у=800т;
жауабы: 590т; 650т; 800т.