Ашық сабақ. Геометрия. 7 сынып. Геометрияның негізгі ұғымдары

Oinet.kz 02-10-2019 1380

Геометрия пәні бойынша 7 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

I тоқсан

Сабақтың номері: 1

Сабақтың тақырыбы: Геометрияның негізгі ұғымдары

Мақсаты: 1. Геометрияның негізгі ұғымдарымен.танысу;

2. Негізгі ұғымдарды түсіне отырып фигуралар туралы түсіктерді  ұғыну.

Конспект

Геометрия грек тілінен аударғанда «жер өлшеу» деген мағынаны білдіреді. Геометрия екі бөлімнен тұрады. Планиметрия және стереметрия. Планиметрия жазықтықтағы фигураларды Геометрия (гр. geometrіa, geо — Жер және metrio — өлшеймін) — математиканың кеңістіктік пішіндер (формалар) мен қатынастарды, сондай-ақ, оларға ұқсас басқа да пішіндер мен қатынастарды зерттейтін саласы. Фигуралар кеңістіктік пішіндер болып есептеледі. Геометрия тұрғысынан сызық — “сым” емес, шар — “домалақ дене” емес, олардың барлығы да — кеңістіктік пішіндер. Ал кеңістіктік қатынастар — фигуралардың мөлш. мен орналасуын анықтайды. Мысалы,центрлері ортақ, радиустары 3 см және 5 см шеңберлер қиылыспайды, “біріншісі екіншісінің ішінде жатады” дегенде — шеңберлердің мөлш. мен орналасуы жөнінде айтылып тұр. Мұнда бірінші шеңбер — кішісі, екіншісі — үлкені, біріншісі екіншісінің ішінде орналасқан. Осыған орай кеңістіктік қатынастар “үлкен”, “кіші”, “ішінде”, “сыртында” сөздері арқылы анықталған. “Тең”, “параллель”, тағыда басқа сөздер де кеңістіктік қатынастарды сипаттайды.

Геометриялық денелер — температурасы, массасы, жасалған материалы мен жеке қасиеттері қарастырылмайтын физыкалық денелер, ал стереометрия кеңістіктегі геометриялық фигураларды қарастырады. Планиметрия курсының ең негізгі элементтері болып нүкте мен түзу, кесінді болып табылады.

 

}  Геометрия-заттардың формасын, өлшемін және де өзара ара-қатынастарын зерттейтін ғылым саласы.

 

}  Геометрия ғылымы ғасырлар бойы жаңа теоремалар мен формулалар ашылуы арқылы дамып, толықтырылып отырған. Ғылымның дамуында ерекше рөл атқарған ғалымдар:

Геометрияның қолданысы

}  Өмірге байланысы бар есептер;

}  Қоршаған ортаны тану;

}  Логикалық ойлау қабілетін дамыту

}  Көптеген маңызды мамандықтардың негізі         

( Архитектор, құрылыс инженері, скульптор т.б.)

Бейнесілтеме: https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/7-synyp/planimetriyanyng-negizgi-uhymdary-zhane-qarapajym-figuralary?mid=fca51c00-9d59-11e9-be78-49d30a05e051

https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/7-synyp/planimetriyanyng-negizgi-uhymdary-zhane-qarapajym-figuralary?mid=fca51c01-9d59-11e9-be78-49d30a05e051

 

Тапсырма:

1. Геометрия дегеніміз не?

2. Геометрия ғылымының дамуына үлес қосқан ерте заман ғалымдарын атаңыз.

3. Геометриялық фигураларға мысалдар келтіріңіз.

4. Жазықтықтағы негізгі фигураларды атаңыз.

 

Әзірлеушілер : Шалхарова Б.,Ахметқызы Т., №178 лицейдің математика пәні мұғалімдері. Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының қолдауымен ұсынылып отыр.


Ашық сабақ. Геометрия. 7 сынып. Геометрияның негізгі ұғымдары.
Ашық сабақ. Математика. 1 сынып. Геометриялық фигуралар модельдері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу