Шығарма: Әсемдікке ұмтылайық
Әсемдік десе, неге екенін қайдам, көп адамға сұлулық сыны елестейді. Дегенмен, сұлулықтың тұрағы – бой емес, ой. Тікенегі болса да, раушан гүлде бір сұлулық бар. Адам мінезінің кемшілігі де тікен секілді. Қанша құштар болса да, өзінен көпті ұзатады. Адамның сұлулығын арттыратын компонент – зияткерлік меншігі. Барлық жағдаятқа жағымды қарап, қабылдай білетін адамның сүйкімі жоғарылай түседі.
Абай айтпақшы, ортаға өнермен емес, мінезбен сиясың. Қаншама әлемдік сахнаны бағындырған жұлдыздардың әдеп мәселесінде кертартпалық танытқанын білеміз. Расында, бір ғана күнде ұмыт болды. Ешкім ол тұлғалардың бағасын парықтамады. Қанша дарын иесі сәтінде мойымай, сәті жеткенде мойындалды. Қараңызшы, асханадағы ақысын картинасымен төлеген суретшілер болды. Жан тәсілім еткен соң картиналары әлемде жоғары сұранысқа ие болды. Пабло Пикассоның картинасының көшірмесін 1000 теңгеге сатып алуға болады. Түпнұсқаны алу үшін миллион қаражат керек. Неге, себебі ол зияткерлік меншік, еңбек. Шын тер төгілген еңбектен ғана адамдар эстетикалық ләзат алады.
Театрда қанша қойылым қойылады. Бірақ, бір ғана образ, бір ғана актер елдің есінде шегеленіп қалуы мүмкін. Жанын салып ойнағаны үшін. Шекспир де бір күнде жазушы болмады. Сахнада рөл сомдап ұқты, өнердің өмірге көшкенін сезінді. Барлық жетістіктің соңында еңбек тұрады. Әсемдік те еңбекпен келеді. Жо-жоқ, сағаттап әрленуді айтпаймыз. Сағаттап білім алуды айтамыз. Ғасыр өмір сүрсең де, ғұмырыңды білім іздеу жолына арнаған абзал. Сонда ғана әр сәтіңді әсемдей аласың!