Бердібек Соқпақбаевтың өмірбаяны

Oinet.kz 25-08-2020 2247

Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев 1924 жылы Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Қостөбе ауылында дүниеге келген. Орта мектепті де сол ауылда бітірді. Кішкентайынан қайсар да ыждаһатты бала кедей отбасында тәрбиеленді. Бала Бердібек анасынан 8 жасында айырылды және бұл қайғы оның өмірінің соңына дейін үлкен соққы болды. Бердібекті білім атты теңізге ағасы Сатылған әкелді, ол оның білімге деген сүйіспеншілігін тудырды. Алайда, ағасы соғыс кезінде қайтыс болып, дүниеден ерте озды. Анасынан ерте айырылған Соқпақбаев бала кезінде көп қиындық көрді, аштық пен ауыр еңбектің, қиындықтың тауқыметіне ұшырады. Дегенмен, ол өте білікті және қабілетті бала болып өсті.

691cdff0b1cfbca5ce1b1787945d1105.jpg

Өз ортасының алды болған Соқпақбаев мектеп бітіргеннен кейін әскерге барып, кейіннен Абай атындағы қазақ педагогикалық институтына оқуға түседі. Бердібек Соқпақбаевтың әскерден кейінгі өмірі осылайша Алматыда білім алумен жалғасты. Интитутты бітіргеннен кейін Мәскеудегі жоғары әдеби курстарын тәмамдады.

Таулы ауылдан шыққан қазақ баласы журналистикамен көп айналысты, «Қазақ әдебиеті», «Балдырған» газет-журналдарының редакциясында жұмыс істеді. Сондай-ақ, киностудияда да қызмет етіп, өзінің туған ауданындағы мектептерде мұғалім болды. Ол үнемі балаларды тәрбиелеудің күрделі мәселелеріне алаңдады. Бердібек Соқпақбаев – білікті мұғалім, тәрбиеші. Содан болар бұл жағдай оның шығармаларының тақырыбын алдын-ала анықтап берді.

Соқпақбаев Қазақстан жазушылар одағында балалар әдебиеті бойынша кеңесші болып жұмыс істеді. Ең алдымен ол балалар жазушысы. Балалық пен жастық оның барлық кітаптарының негізі. Соқпақбаевтың шығармалары негізінен автобиография болып табылады. Бірақ, жазушысының балалық шағы уайымсыз болмады. Болашақ жазушы кедей отбасынан болғандықтан, балалық шағында көп қиындық көрді.

Бердібек Соқпақбаев шығармашылық қызметін ақын ретінде бастады. 1950 жылы оның «Бұлақ» атты алғашқы өлеңдер жинағы жарыққа шықты. Авторлық сезімдердің ерекше сенімділігі мен шынайылығымен ерекшеленген жинақ бірден өз оқырмандарын тапты.

Көп ұзамай Соқпақбаев прозада да бағын сынап көрді. Жазушының тарихы күрделі емес, бірақ қазақ ауылының өмірі мен тіршілігінің көлемді бейнесі суреттелген «Он алты жасар чемпион», «Бақыт жолы», «Өзім туралы» повестері тек жасөспірімдердің ғана емес, сондай-ақ ересек қазақ оқырмандардың да жүрегінен орын тапты. Бұл таңқаларлық жайт емес. Өйткені, жазушының кітаптарында тәрбиелік мәні бар көсем сөздер мен тентек және күлкілі кейіпкерлер өмір сүреді. Ал кітапты оқығанда олардың жетістіктеріне қуанбау, қиындықтарына көңіл бөлмеу, оларды сүймеу мүмкін емес. Жазушы өз кейіпкерлерін ежелгі фольклорлық кейіпкерлердің ерекшеліктерімен бейнелегендіктен, оқырмандар оның шығармаларын таңданып, беріліп оқиды.

Балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Соқпақбаев «Менің атым Қожа » атты повестің арқасында танымал болды. Бұл туынды «Детская литература» баспасында шығып, содан кейін орыс тілінен көптеген тілдерге аударылып, Франция, Польша, Чехословакия, Болгария секілді шетелдерде жарияланды. Тек содан кейін ғана бұл шығарма өз отанына оралып, байырғы қазақ тілді оқырмандардың жүрегінен ойып орын алды.

Тіпті бұл повесть бойынша «Қазақфильм» киностудиясында көркем фильм түсіріліп, 1967 жылы Канн қаласында өткен Балалар мен жасөспірімдер фильмдерінің халықаралық фестивалінде арнайы жүлдеге ие болды. Берді аға дәл осы ерекше әңгіменің арқасында танымал болды.

Повестің басты кейіпкері – Қожа арманшыл, сотқар бала. Тектектігімен үнемі түрлі жағдайларға тап болып жүретін Қожа ақыл-ойы мен біліктілігінің арқасында қиындықтардан шыға алды. Ол біреудің қайғы-қасіретіне көз жұма қарамайтын елгезек, жоғары әділеттілік сезіміне ие, досқа адал, қайырымды, зұлымдыққа жол бермейтін бала. Ал осы қасиеттердің барлығы оқырмандардың жүрегінен мейірімділік тудырып, Қожа батыр бала атанды.

Жазушының 1960 жылы жарық көрген «Балалық шаққа саяхат» атты тағы бір повесті қазақ балалар әдебиетінің асыл мұрасына айналды. 1930-шы жылдардағы кішкентай кейіпкердің тағдыры арқылы өтетін повесть сол уақыттағы оқиғаларды және қазақ халқының қиын өмірін еш боямасыз көрсетеді. Соқпақбаев бұл шығармасында балалық шағын қызықты етіп әңгімелейді. Соның арқасында оқырман сол дәуірдің шынайы тарихи шындықтарын көре алды.

Сондай-ақ, жазушы «Өлгендер қайтып келмейді» романында өмір жолында алдынан шыққан барлық қиындықтарды еңсерген табанды, батыл жас жігіттің өмірін және мінезінің қалыптасуын көрсетеді. Романның әрбір бетінде сол уақытқа тән өмір ұшқындары кездеседі.

Соқпақбаевтың көптеген шығармалары жас оқырмандарға арнап жазылған. Адамның әрбір кезеңі оның шынайы қуанышына толы. Осы тұрғыдан алғанда, қаладан атасына келіп, басынан қызықты ауыл өмірін өткерген қалалық қыз туралы «Аяжан» атты әңгімесі шынайы қызығушылық тудырады.

Жазушының кейінгі шығармаларының ішінде махаббат, сұлулық тақырыбына арналған «Қайдасың, Гаухар?» атты тамаша әңгімесі бар.

Бердібек Соқпақбаевтың барлық туындыларында оның шығармашылығының қайнар көзі халық өмірінен бастау алғаны сезіледі. Жазушының бейнелеу қабілеті өте бай. Ол өз кейіпкерлерінің портетін шебер суреттеп, әрқайсысын өзіне тән тілде сөйлетеді. Кейіпкердің ішкі күйзелісі мен ой-пікірлері жазушының басты көркемдік әдісі болып табылады.

Бердібек Соқпақбаев тірі кезінде-ақ қазақ балалар әдебиетінің классигі деп аталып кетті. Оның кітаптары ешқашан кітапхана мен дүкен сөрелерінде шаң басып жатқан емес. Жазушының шығармаларын балалар мен ересектер де асыға күтетін. Соқпақбаевтың кітаптарын барлық жастағы оқырмандар мен ұрпақ жақсы көреді.

Қазақ прозасына жаңа леп, өзгеше өрнек әкелген жазушы 1991 жылы 24 шілдеде Алматының сыртындағы жеке саяжайында көз жұмды.

Төлен Әбдіковтың өмірбаяны
Шәрбану Бейсенованың өмірбаяны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу