ХХІІ ғасырдың куәгерлері
13-01-2021
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жалпы алған білімдерін тексеру. Математика, ана тілі,қазақ тілі,дүниетану пәндері бойынша білімдерін дамыту.
Көрнекілігі: интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
Кіріспе сөз. Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі атты ХХІ ғасыр көшбасшысы атты сайысымызға кош келдіңіздер.
Топқа бөлу
І. Бәйге
ІІ. Жорға
Бөлімдер
1. Сұрақ-жауап.
2. Мақал-мәтелді жалғастыру.
3. Топбасшылар жұмбақ шешу.
4. Логикалық есептеу
5. Анаграмма және сөз жұмбақ.
Бірінші бөлім. Сұрақ-жауаптар
Бірінші топқа сұрақтар.
1. Негізгі зат есім деп нені айтады?
Негізгі түбірден болған зат есім
2. Қай жылы Ата заң қабылданды.
1995 жылы 30 тамызда қабылданды.
3. Қазақстанда неше алтын кен орны бар?
196 алтын кен орны бар.
4. Компьютер маманы
Программист
5. Ақпаратты шығару құрылғысы
Принтер
Екінші топқа арналған сұрақтар.
1. Түбірлес сөздер деп нені айтады?
Бір түбірден бірнеше туынды сөздің жасалуы.
2. «Компьютердің миы» деп нені атайды?
Процессор
3. Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы нешеге тең.
360°- қа тең.
4. Махамбет Өтемісұлы қазіргі қай облыста дүниеге келген.
Батыс Қазақстан облысы
5. Киелі құсты ата.
Аққу
Екінші бөлім. Мақал-мәтелді жалғастыр
Бірінші топқа
Әдепсіз үйге кірме, .....
Жауабы: әкімсіз елде тұрма.
......, қара жер қартаймайды.
Жауабы: халық қартаймайды.
Бестің басы болғанша, ......
Жауабы: алтының аяғы бол.
Еріне қызы сай.....
Жауабы: жеріне елігі сай.
Екінші топқа
Адам бір ..........
Жауабы: біріне қонақ.
Дүниеде тас қатты, ................
Жауабы: тастан да бас қатты.
Аттың сыны сыртында,...................
Жауабы: ердің сыны ішінде.
..............заман қайғысы.
Жауабы: адам қайғысы.
Үшінші бөлім. Топбасшылар жұмбақ шешу
Бірінші топ басшыға
1. Ақ қойым тұрып кетті,
қара қойым жатып қалды.
Жауабы: қар мен жер.
2. Қолы жоқ сурет салады,
тісі жоқ тістеп алады.
Жауабы:аяз
3. Апанапан, ескі шапан.
Иір қобыз, жарық жұлдыз.
Жауабы: түйе
4. Көлдің беті көк әйнек,
Сырғанауға тым әйбат!
Жауабы: мұз
Екінші топ басшыға
1. Басы тарақ арты орақ.
Жауабы: қораз
2. Тіріден өлі туады,
Өліден тірі туады.
Жауабы:жұмыртқа
3. Қырға кілем жайдым.
Жауабы: қызғалдақ
4. Судан алады,
Суға салса өледі.
Жауабы:тұз
Төртінші бөлім. Логикалық есептеу
Бірінші топқа
Бір кемпір:
Сапырып-сапырып сарманға бер,
Құйып-құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іште маған бер деген екен.
Мұны естіген ұрылар-
“Қой мұныңыз болмас,
Бұл үй толы кісі болды,әрі бізден екі есе артық екен кетейік”-деп кетіп қалыпты.
Сонда үйдегі адам нешеу,ұры қанша? (10 адам, 5 ұры)
Екінші топқа
Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі,
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін білсең санап қой (17)
Бесінші бөлім. Анаграмма
Бірінші топқа
1. Әріп
2. Айлакер синонимі
3. Жыл мезгілі
4. Металл түрі
5. Оқушы құралы
6. Батыл сөзі антонимі
7. Жидек түрі
Сөзжұмбақ
Екінші топқа
1. Ас атасы.
2. Ең қонақжай халық
3. Құстың баласы
4. Біз қай елде тұрамыз
5. Түн құсы
6. Телеарна атауы
7. Суық ақ ұлпа
Қорытынды. Белсенді қатысып отырған оқушыларды мараппаттау.