«Өзін – өзі тану» сабағының жоспары (Сабақ жоспары)

Oinet.kz 10-09-2020 1204

Screenshot_1.jpg 

Қаласы: Нұр – Сұлтан қаласы

Мектеп: №86 мектеп – гимназия

Сынып: 2 сынып.   №21 сабақ

Тақырыбы:  Дос болуды үйренеміз

Мұғалім: Сақтаған Айнұр Алмасбекқызы

Құндылық: Ішкі тыныштық

Қасиеттері: адалдық.сабырлылық,қамқорлық


Мақсаты: оқушыларға   достықтың маңыздылығын ұғындыра отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

- «дос»,  «достық» ұғымдарын түсіндіру

- достарын құрметтей отырып,    сабырлылық пен қамқорлық қасиеттеріне дамыту.

- оқушыларды адалдыққа тәрбиелеу

Ресурстар:  (құралдар, мәліметтер, үнтаспа,   бейнежазба)

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру   кезеңі.

Оқушыларды 3 топқа топтастыру.

5 «Т» ережесі

- тәртіп

- талап

- тыныштық

- тазалық

- татулық

Жағымды көңіл күйге   келтіру.

«Нұрға бөлену» жаттығуы

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.   Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге қойыңыз. Көздеріңізді жұмуға   болады.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп,   кеудеңізге қарай бойлап барады. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай   бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға   түсіріңіз. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр   аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге   апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз   тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз,   құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де   жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен   жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек   жақсы ойлар келеді. 

Нұр бірте-бірте сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға   сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға бағыттаңыз.   Нұрды уақытша ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға   толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға,   өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ойша айтыңыз: «Мен Нұрлымын... Нұр   менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл   әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем   қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.  

ІІ. Үй тапсырмасын   тексеру.

Оқулық, № 21 сабақ 69 беттегі Ы.Алтынсариннің «Жаман жолдас» әңгімесін оқу

Сұрақтар:

1.Екі дос кімге жолықты?

2. Аюдың іс – әрекеті қандай болды?

3. Екі кісінің достығын қалай бағалайсыңдар?

4. Бірінші достың бойында қандай қасиеттер байқадыңдар?

5. Өзіңнің досыңды қалайша қуанта аласың?


ІІІ. Дәйексөз.

Ашу – дұшпан, ақыл   – дос.

                                          Мақал

 

(Ұл балалар 2 рет, қыз балалар 2 рет, хормен 2 рет қайталайды)

Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңдер?

 (оқушылардың жауаптарына сүйене   отырып, қорытындылаймын)

(дәйексөзді дәптеріне жазып алады)

 

Сергіту сәті:

«Көңілді күн» жаттығулары


ІV. Әңгімелеу

Ы.Алтынсариннің «Асыл шөп» әңгімесінен бейнежазба көрсету.

Сұрақтар:

- Зылиқа мен Батима не істемекші болды?

- Батиманың көңіл күйі неліктен жақсы болды?

- Зылиқаның қолына неге асыл шөп түспейді?

- Зылиқа мен Батиманың бойында қандай қасиеттер бар екен?

- Сіздің өміріңізде осындай жағдай болған кезде сабырлы ұстай аласыз ба?


V. Шығармашылық  іс – әрекет, топпен жұмыс

Баяу музыка қойылады. Әр топқа тапсырмаларын түсіндіремін. 10 минут уақыт   беріледі.

І топ:  Адал достықты сахналау (көрініс).

ІІ топ: Мақал – мәтелді жалғастыру.

            Адам – адамға ...,   жолдас - ... .

            Досы жақсының, ... де   жақсы.

            Көп ақшаң болғанша, көп   ... болсын.

            Дос – досқа, ...

            Дос болсаң ... бол,   досыңа серік бол

            Досы көпті ... алмас

            Тиісті сөздер: дос,   айна, берік, бауыр, өзі, жау, досың

ІІІ топ: Достық ережесін құрастыру.


VI. Топпен ән айту

Достық   туралы ән

Ренжітпе досыңды,

Мен қостаймын осыны

Тату ойнап әрқашан

Көтер көңіл хошыңды

                                  Қайырмасы

Ойнайық   та, күлейік

Көңілденіп жүрейік                      2 рет

Бақыт кілті достықта

Татулық деп білейік


VII. Үй   тапсырмасын беру.

Оқулық, № 22 сабақ 71 беттегі «Құм мен тас» өсиет әңгімені оқу

Дәптер, 71 бет, 3 - тапсырманы орындау

 


VIII. Сабақтың қорытынды   сәті

Баяу музыка қойылады.

- Балалар, бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтап   алайық

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!



Тіл туралы мақал-мәтелдер
Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу