Әлеуметтік желінің зияны жайлы шығарма

Oinet.kz 23-09-2019 1570

Қазіргі заман интернеттің дамыған уақыты. Кез келген затты интернет арқылы біліп, тапсырыс жасап, алуымызға болады. Тіпті, сабақта түсінбеген сұрақтарды интернеттен қарап, үйренеміз. Интернет адам өмірімен етене араласып кетті. Қазіргі уақытта адамдардың барлығы дерлік әлеуметтік желіні пайдаланады. 


9897e22f8c2b8de2f05b5b77ad07220f.png

Алғаш танысқан адамның әуелі әлеуметтік желідегі парақшасын сұраймыз. Сол арқылы онымен жақын танысамыз. Барлық дүниенің жақсы мен жаман жағы болатынындай әлеуметтік желінің де екі жағы бар. Бұл арқылы біз іздеген адамымыздың қайда, не істеп жүргенін, қасында кім бар, әдемі суреттерін қарап отырамыз. Сонымен қатар, қазір әлеуметтік желі арқылы үйде отырып ақшы табуға болады. Жәнеде сол арқылы ән тыңдап, кино қараймыз.

Жаман жағы жәнеде бар. Көбіне біз күніміздің біраз бөлігін осы желіде өткіземіз. Адамдармен сөйлесеміз, өзгелердің өмірін тамашалап, өз өмірімізге разы болмай қиналатын сәттер де болады. Әлеуметтік желіде  жастардың ой-санасын бұзатын әрқилы суреттер мен видеолар сансыздап тұрады. Бәрін біліп, көргісі келетін жасөспірім баласы үшін бұл таптырмас дүние. Сол себептіде баланың қолындағы телефонға аса жауапкершілікпен қараған дұрыс. Әлеуметтік желінің және бір зияны баланың өнерге деген көзқарасы мен сұранысын төмендетуде. Қазір көп жастар инстаграмм арқылы бір минуттық вайн тамашалап, соларға еліктейжі. Сағаттап кино мен нағыз шынайы өтерді тамашалау үшін театрға көп бармайды. Жарты минуттық вайнды көру оларға оңай. Ал бұл баланың өнерге деген көзқарасын төмендетері анық. Бір күндік уақытымыздың көп бөлігін желі өткізу арқылы кітап оқуға, өзін жақсы дамытуға уақыт таппай жатады. Әрине, бәрі емес. Бірақ адамдардың көп бөлігі.

Тазалық – денсаулық кепілі. Шығарма
Ұлттық құндылықтар туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу