Көркем мінез туралы шығарма
Өмірдің жарқын сәттері көп болуы оның мінез-құлқының көркемдігіне байланысты. Мінезі көркем адамның өмірге деген көзқарасы өзгеше болары анық. Адамның мінез-құлқы уақыт өте әдетке айналады, әдет өмірде адамның қалыптасуына әсер етеді. Өмірдегі қызықты сәттер мінез-құлқымен байланысты.
Көркем мінезді адамның өмірі жарқын. Келешегі кемел. Көркем мінезділіктің басты белгісі – қарапайымдылығы. Өзің ортада қарапайым ұстап, өзгелерге үлгі-өнеге көрсетіп жүреді. Өзгелерге жақсылық жасап, оларға көмектесіп сауап жинап жүрудің өзі көркем мінездің асқан шыны.
Көркем мінезділіктің үлгісі – адамгершілігі мықтылығы. Адамгершілігі жақсы адамның жүзінен сәуле шашырап, ортаға өзгеше аура сыйлайды. Бойында мейірім мен жанашырлығы басым, әр іске жауапкершілікпен қарап, аманатқа қиянат жасамайтын нар тұлғалы қасиет.
Және бір түрі – риясыз махаббат. Адам бойындағы барша көркем мінездің бастауы – махаббат. Барлық сезімдер махаббаттан бастау алады. Махаббат бар жерде сыйластық, адалдық, жауапкершілік, риясыздық сезімдері қатар жүреді. Әлемде көркем мінезді жандар көбейген кезде ерекше нұрланып, өзгеше күйге енеді. Тек жақсылық орнап, соғыс пен көреалмаушылық, арсыздық сынды жамандықтар жойылып, әлемде бейбітшіліктің туы желбіреуі анық.