Ит туралы шығарма

Oinet.kz 21-12-2019 2846

Ит – адамзаттың сенімді серігі. Қазақ халқы итті жеті қазынаға теңеп, қадірлеген. Ит әркез қасымызда жүріп бізді жыртқыш аңдардан қорғап бізге қорған болып жүреді. Алғаш үйге үйретілген аң – ит. Үйде қасымызда жүріп еркелеп, жанымыздан табылатын сенімді серігіміз.

Без названия.jpg

Ит – адамның досы. Үйдің, жан-жануарлар мен ауланың қорғаушысы. Өріске сиырларды айдап барғанда жанымызда әркез итіміз болады. Қойлар мен сиырларды қайырып үйге қарай айдап қайтады. Ит өте ақылды жануар. Айтқан сөздерді түсініп, егесіне қолдау көрсетіп жанында жүреді. Егесі мұңайса ит өзінің іс- әрекеттерімен көңілің көтеруге тырысады. Секіреді, жүгіреді, бір затты лақтырса соны әкеп ойнайды. Мұның бәрі адамға қуаныш сыйлайды.

Итті барша халық қадірлеп, құрметтеген. Оның адамға деген риясыз сезімі мен адалдығына тәнті болған. Әлемге әйгілі ит жайлы кино – «Хатико». Бір адамдай егесін күтіп, сағынып өмір сүретін иттің адалдығы жайлы түсірілген бұл кино әлем жұртына ерекше әсер етті.

«Жақсы ит - егесінің құлағы, көзі» деп дана халқымыз айтқандай ит адамның көрмегенін көріп, сезбегенің сезетін қасиетке ие. Сол себептіде халқымыз итті қадірлеп, қастерлеген.

Жеті қазына туралы шығарма
Жылқы туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу