Балық туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 03-01-2020 3018

Балықтың жаны суда.


Балық аулай алмаған суды лайлар.


Балық жеген тоқ болар,

Әл-дәрмен деген жоқ болар.


Балық өңешінен өткенін жейді.

Картинки по запросу рыба

Судағы балықты иеленбе,

Ол әлі сенікі емес.


Балықта сүт болмайды,

Шабағын теңіз асырайды.


Балығы болмаған көл құрысын,

Киігі болмаған шөл құрысын.


Балақ түрілмей, балық тұтылмас.


Бақа батпағын сағынар.


Балықтың өзі суда, көзі қырда.

Қоян туралы мақал-мәтелдер
Құс туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу