Құс туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 03-01-2020 1891

Құс жеткен жеріне қонады.


Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады.


Құстың алғанынан салғаны қызық.


Ұшар құстың басы ілгері.

құс туралы мақал.jpg

Телегейге тел жаңғырық,

Ұшқан құсқа жел жаңғырық.


Абайлап ұшпаған құс қанатын қайырады.


Құстың қайдан екенін сұрама, сайрағанынан сұра.


Әр құстың өз алдына жемі бар,

Әр кісінің өз алдына теңі бар.


Құс төресі - бидайық,

Ит төресі - құмайық.

Балық туралы мақал-мәтелдер
Сұңқар туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу