Есек туралы мақал-мәтелдер
Есек барға саналса да, малға саналмайды.
Ат айлығын ойлайды,
Түйе жылдығын ойлайды,
Есек аяғының астын ойлайды.
Есекті отқа айдасаң, боққа қашар.
Есек құлағының ұзындығына мақтанар,
Есалаң жүзінің қызылдығына мақтанар.
Ер-тұрманы алтын болса да,
Есектің есек аты қалмайды.
Тұлпарды алтыни тағамен тағаласа,
Есек емексіп аяғын көтереді.
Естімеген елде көп,
Есек мінген сарт та көп.
Түйе сілкінсе бір есекке жүк қалар.