Дос пен дұшпан туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 03-01-2020 2173

Досың мың болса аз,

Дұшпаның біреу болса да көп.


Досыңның тонын тойға ки, қасың көрсін,

Ызалансын, жасысын, іші күйсін.


Досыңмен көп сөйлеспе, жолынан қалар,

Дұшпаныңмен көп сөйлеспе, сырыңды алар.


Талаптының пікірі аян,

Дұшпанның ақылы шаян.

дос пен дұшпан туралы мақал.jpg

Дос басыңа, дұшпан аяғыңа қарайды.


Досың ұрса, аңқылда,

Дұшпаның ұрса, күйін.


Дос адамның белгісі қарлығаштай,

Қас адамның белгісі қара тастай.


Дос болу оңай, сақтауы қиын,

Жау болу оңай, тоқтауы қиын.


Досқа - жаз, жауға - аяз.

Жау туралы мақал-мәтелдер
Мал туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу