Тентектік туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 01-01-2020 3047

Тентектің есіл-дерті - бұзу,

Текенің есіл-дерті - сүзу.


Тентек отты тебемін деп, аяғын күйдірер,

Ділмәр шындықты жеңемін деп, тілін күйдірер.


Тентек өзін дәу санайды,

Жантақ өзін бау санайды.


Тентектіктің түбі - теңіз.

Картинки по запросу гордый

Алыстың жақыны бар,

Тентектіктің мақұлы бар.


Баланың тентек болғаны үйінен,

Жігіттің тентек болғаны биінен.


Сойқанды әкеден сотқар ұл туар.


Телі-тентектің қолында темір сөйлейді.


Көппен тентек болсаң да,

Көпке тентек болма.


От алып, ораққа түседі.


Қардан кебіс киіп, мұздан құрсау салған.


ШЫбық тимей шыңқ етер.


Иегі қисықтың сақалы түзу болмас.


Тебегеннен тер, қашағаннан қан жаудырады.


Тентекті тентек десең,

Телпегі қалпақтай болады. 

Сөзшеңдік туралы мақал-мәтелдер
Қорқақтық туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу