Тәкаппарлық туралы мақал-мәтелдер
Тәкаппардың кісісі өлсе, жалғыз жылайды.
Тәкаппарды Тәңірі сүймес.
Тәкаппардың семірткен малы,
Ойнақтап жүріп қасқырға кезігеді.
Көп асқанға бір апат,
Кесірліге бір кірапат.
Қарамық өзін бау санайды,
Төбе аузын тау санайды.
Бақан аттаған жарымас,
Бала аттаған байымас.
Өзінің қисықтығын білмей,
Өзгенің түзулігін білмейді.
Менмендік туған анаға да жақпас.
Өзгеге деген өседі,
Өзіме деген өшеді.