Дос туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 08-12-2019 1948

Достың санына қарама, жанына қара.


Досы жоқ адам - тұзы жоқ тағам.


Дос көтерер көңілді,

Мал көтерер өлімді.


Дос бергенінің тісіне қарама,

Дос сүйгенінің түсіне қарама.


Достым дос, есебім дұрыс.

Картинки по запросу друг

Досыңа ат берме,

Ат берсең, ақырын жүр деме.


Оқ табылса, құс кез келмейді,

Ас табылса, дос табылмайды.


Досқа дос жалынар,

Жалынар да көңіл арылар.


Тату болсаң, балдай бол,

Ащы болсаң, тұздай бол.


Айрылар дос аяулыңды сұрайды.


Қасың мен досыңды,

Қас-қабағы танытар.


Досыңның асын қасыңдай іш,

Кемедегінің жаны бір.


Екі тәтті бір жерден табылмайды.


Тату болсаң, табақ қатынайды.


Күншіл дос:

озып бара жатсаң, етегіңнен басады,

қалып бара жатсаң, қасыңнан қашады.

Қазақстанның климаты (реферат)
Жер асты сулары (реферат)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу