Ынтымақ туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 08-12-2019 1106

Ынтымақ істі тындырар.


Ынтымақ түбі - игілік,

Тірлік түбі - бірлік.


Ұрыс ырысты қашырар,

Ынтымақ халықты асырар.


Теңге тиыннан,

Ынтымақ ұйымнан.

Похожее изображение

Ынтымақ барда, ырыздық бар.


Ынтымақсыз елді ұрыс билейді.


Айыратын жаман бар,

Қосатын жаман бар.


Ұрыстың мерейі - ерлік,

Ырыстың мерейі - бірлік.

Озон қабаты (реферат)
Латын Америка елдері мен Қазақстан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу