Той туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 08-12-2019 2715

Жақсының туғаны - бір той, өлгені - бір той.


Жол болмайды асусыз,

Той болмайды шашусыз.


Тойда тоқал тыйылады.


Таз таранғанша той тарқайды.

Картинки по запросу свадьба

Жаман жігіт той бұзар,

Жаман әйел үй бұзар.


Той - Тәңірдің қазынасы.


Келіннің тойына,

Кемпірдің өлімі қатар келді.


Той тоңдыға жарасады,

Ас аттыға жарасады.


Той өкпесіз болмас.

Махаббат туралы мақал-мәтелдер
Су қоры (реферат)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу