Білім туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 07-12-2019 3482

Жердің сәні -егін,

Ердің сәні - білім.


Білім қымбат, білу қымбат.


Білім іздеген өсер, 

Бүлік іздеген өшер.


Білімді бесіктен тесікке дейін ізде.


Білегіңе сенбе, 

Біліміңе сен.


Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір.

Похожее изображение

Білім сүріндірмейді, білек сүріндіреді.


Білімсіз адамының сөзі білектей,

Білімді адамының сөзі жібектей.


Қатты жерге егін шықпас,

Қаңсыған басқа білім жұқпас.


Білімді әйел басыңа қарайды,

Білімсіз әйел жасыңа қарайды.


Білмегенді білдірмесең, білгенің бар болсын.


Білсе - барымта, білмесе - қарымта.


Білмегенді білдір,

Қолына алтын жүзік ілдір.


Белгі болса, жолдан адаспас,

Білімді болса, сөзден жаңылмас.

Вирустардың табиғатта тіршілік етуі (реферат)
Балықтар түрінің сан алуандығы (реферат)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу