Достық туралы шығарма. Дос қасиетті ұғым

Oinet.kz 21-12-2019 23868

Дүниедегі ұлы сезімдердің бірі- достық. Бұл өмірдегі біздің жетістіктеріміздің бірі адал дос таба білгенімізде. Адам кез келген қиыншылық пен қуанышты өзінінің досымен бөліскісі, сырласқысы келеді. Достық тек сенім бар кезде нығая түседі. Жанындағы жолдасына шүбәсіз сенген кезде оған барлық сырларынды қиналмай айта аласың, кез келген қиыншылықта онымен ақылдасып, шешімін табасын.

dos-bolaiyk.jpg

Дос бола білуде өзінше өнер. Адамды тыңдай білу, онымен риясыз сөйлесе білу де қажет. Оның қасында өзінді еркін сезініп, жанында бірге болу аса маңызды.  Қуанышта да, қайғыда да бірге болып, әр істе бір-бірін қолдап жүру нағыз достықтың белгісі. Достықты ешқандай бағалы затпен алмастыра алмайсын. Бұл сезім өте құнды. Дос табу оңай, ол оны сақтап қалу қиын. Нағыз достық уақыт өте келе өзінің құнын жоғарылата береді. Адам басына іс түскенде жанындағы жандардың кім екенін, олардың ішіндегі қайсысы нағыз дос екенін біле алады. Уақыт өте достар бір-бірімен туған бауырдай болып кетеді. Әрбір қуанышымыз бен жетістігімізге шексіз қуанып, бізге әркез демеу беріп жүреді. Сенің кім екенінді досына қарап біле алады. Біздің адам болып қалыптасуымызда достарымыздың алар орны маңызды. Мызғымас сенім мен жанашырлық достықтың негізгі тірегі. Өмірімізде болатын кез келген оқиғада қасымызда досымыздың болғаны қандай жақсы. Ендеше, алтынға бергісіз достарымызды қадірлеп, құрметтейік.

Major Actors In The Oil And Gas industry of Kazakhstan (referat)
Қазіргі астрофизикалық және космологиялық тұжырымдамалар (реферат)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу