Қыз туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 06-01-2020 3445

Қыз - ауылдың көркі,

Құндыз болса, бөркі.


Қыздың тамағы қылдай.


Қызды ауыл өсекшіл


Қызы бардың - көзі бар,

Ұлы бардың - өзі бар.

Картинки по запросу қыз бала

Қызыңды жеріңе бер,

Жер ыңғайы келмесе, еріне бер.


Қыздың қызылы қашса,

Жігіттің қызығы басылады.


Қыз өссе - үйге жұт,

Ұл өссе - үйге құт.


Суды құм бөгейді, 

Дауды қыз бөгейді.


Қыдырмашыл шешенің қызы бастаңғышыл.


Мыржақ жігітке ыржық қыз - Ләйлісі болады.


Жазымсыраған қыстан без,

Жасымсыраған қыздан без.


Ауылыңа қалың берсең, төменнен бер,

Қызыңа қалың берсең, жоғарыдан бер.


Қыз тілеуі - Қыдыр тілеуі.


Жігіт қыз таңдайды,

Жігіт қыз талғайды.

Соңғы қоңырау - сценарий
Әйел туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу