Екі жасқа ақ тілек. Үйлену той

Oinet.kz 02-12-2019 3615

Игіліктің тойына Билет келді қолыма, Билет ұстап отырып Нелер түсті ойыма. Кешеғана кішкентай Игілік бүгін ер жетті Ер жеткені осы ғой Қызылжардың қызына Үйленетін кез жетті. Айналайын қарағым Құтты болсын қадамың Өмірлік болсын өзіңе Таңдап алған адамың. Қондырған құстың қолыңа Бақыт құсы болсыншы Бақыт, дәулет бірдей боп Ырыс келіп қонсыншы. Туған-жуыс қуанып Жасап жатыр үлкен той Абайдың ізі - жалғасы Бәрімізге ортақ той. Жастайыңнан мәпелеп Қатарға сені қосам деп Абайымның көзі деп Аузындағы сөзі деп Саған қарап қуанған Саған қарап жубанған Жамбыл атты, ағаңа Ризашылық білдіріп Алғысымды төгейін. Маңдайдағы жұлдызың Жағаңдағы құндызың Ардақтасын сені ертең Соңыңнан ерген ұл-қызың. Ұл-қызың мен туыстың Қызықтарың көре бер. Қартайғанда солардың Рахатына бөленіп Соңдарынан ере бер. Игілік пен келінге Мен тілеймін ақ тілек Ақ махаббат берік боп Бірге соқсын қос жүрек Үлкен-кіші тілеген, Қабыл болсын көп тілек Өмірге сені әкелген Маржан атты анаң бар Аялап, бағып құрметтеп Сол Анаңа қараңдар Силап өтсең анаңды Көтерер ел бағаңды Ақ бата алсаң анаңнан Жұлдыздарың жанады. Қол ұстасып жүріңдер. Күлсеңдер бірге күліңдер. Бір-біріңді мәңгілік Құрметтеңдер сүйіңдер. Екі жақтың құдасы Құтты болсын тойларың Келіп-кетіп жүруге Ашық болсын жолдарың!

үйлену.jpg

Жас жұбайлар, кездессе не күндер,
Мұқалмаңдар мұратыңа жетіңдер.
Бір-біріңе дәл бүгінгі сезіммен,
Өмір бойы ғашық болып өтіңдер.

***

Сүйген жүрек сөнбесін, жалындасын!

Сүйген жүрек өзгені сағынбасын!
Жас жұбайлар қосағымен қоса ағарып,
Бақыттары алдарынан жарылқасын.

Қазақ айтқан:
Тойың тойға ұлассын деп,
Шалқытып салған әнің қыр ассын кеп.
Шақырып ұлан тойға сауын айттың,
Ағайын қызығыма қуансын деп.
 
Абай айтқан:
Адамның бір қызығы бала деген,
Баласыз көңіл шіркін толар ма екен.
Дүбірлі той жасамай баласына,
Қазақтың жағасы жайлауына қонар ма екен.
 
Мен айтам:
Құтты болсын шалқар тойың,
Тарқамасын үйіңнен қызық-ойын.
Бақытына кенеліп екі жастың,
Тола берсін ырысқа қоныш-қойның.
 
Жұрт айтар
Ақ тілегін ақтарылған бүгін дәйім,
Қабыл болсын ниеттер ылғидайын.
Түгенделген ұлыңның үш жұртының,
Ынтымағы жарассын барған сайын.
 
Түйіп айтсам
Кенелген көкірегіме тілегімді,
Білесің ақ көңіліммен тілерімді.
Ұрпағың ұрпағыңа ұлассын деп,
Ұсындым ақ тілеулі жүрегімді!!!
 ***

Аяулым
Бұл шумағым бір кәдеге жарап қалар,
Айта алса, тыңдаған ел қалап алар.
Алдау емес кісіні, көңілін табу ағайынның
Ағайын қолқа салса мен бе екен қарап тұрар.

Ананың ақ тілегі. Қыз ұзату
Жаңа жыл сценарий. Сиыр жылы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу