Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұматты жетілдіру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір - біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Жаңа жылдық шырша, ертегі кейіпкерлері, ойын құралдары
Әдіс – тәсілдері: Ән айту, би билеу, көркем сөздер оқу, ертегі көріністерін сахналау.
Зал Жаңа жыл мерекесіне сай безендірілген.
Жүргізушілер киімдері: Жаңа жылдық Ханшайым мен Ханзада.(Ханшайым -бастауыш сынып оқушысы, Ханзада -жоғарғы сынып оқушысы)
1-жүргізуші:
Құрметті біздің бөбектеріміз, қонақтар, ұcтаздар!
Барлығыңызда бүгінгі Жаңа жылдық шырша тойына қош келдіңіздер! Бүгінгі шыршамызға сән беретін мерекелік шеруімізді бастайық!
(Мерекелік әуен ойналып балалар кіреді. Балалармен ертегі кейіпкерлері сиқыршы, гномдар, ескі жыл мешін кіреді.)
2-жүргізуші: «Қош келдің, Жаңа жыл» атты мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер! Балалар, мереке қонақтары қош келіпсіздер! Барлығыңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!
Әрбір адам Жаңа жылдан жаңалық күтіп, үмітпен қарайды. Осы мерекеге жиналған әрбіріңіздің үміттеріңіз ақталып, әрбір отбасында арман - тілектеріңіз орындалсын!
Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.
Сіз де қош келдіңіз, Доңыз жылы! Сіздің биылғы жылыңыз да құтты болды.
Заман дағдарысына қарамастан молшылық болды. Өз жылыңызға ризасыз ба?
Доңыз жылы: Әрине ризамын. Биылғы менің жылымда көптеген жаңалықтар болды. Ең қуанышты күн- «Тәуелсіздіктің 29 жылдық» мерейтойын атап өту болды. Тәуелсіздік жасасын! Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын! Алға, Қазақстан!
1-жүргізуші: Бүгінгі шырша тойымызда да көптеген қызықты әндер де, билер де, күтпеген таңғажайып оқиғалар болуы мүмкін. Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген, саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы Садуов Жайнарбек Шаймарданұлына береміз.
2-жүргізуші: Осындай ғажап тілектен кейін, біз енді ертегілер еліне саяхат жасап, жаңа жылымызды әрі қарай мерекелейік.
Айнала қоршап шыршаны,
Шашылар шашу – жыр әні.
Мынау әсем шыршаға,
Қош келдіңіз балалар!
1-жүргізуші: Бүгінгі біздің Жаңа жылдық ұранымыз: «Біз бір - бірімізбен доспыз!». Олай болса бәріміз «Дос болайық бәріміз» әнін бірге айтайық. (Бұл әнді 11- сынып оқушысы Қалижанұлы Арман орындайды. Қалған оқушылар бірге би билейді.)
- Балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге шыршаны айналып ЖАҢА ЖЫЛ» әнін айтайық.
(Гномдар балалардың шыршаны айналуын ұйымдастырады).
- Балалар шырша тойына гномдар, сиқыршы да келіпті. (Сахна төріне шығып)
гном: Армысыздар, Халайық!
2- гном: Жақсы жайғастыңыздар ма, қымбатты достарым? Бәрі естіліп, көрініп тұр ма? Бәріңізге орын жетті ме?
1- гном: Сендермен кездескендерімізге өте қуаныштымыз! Біз бүгін жаңа жылдық мерекені тойлағалы отырмыз.
2- гном: Бүгінгі мерекемізді көңілді өткізейік! Жарай ма!
1- гном: Біз мұнда жай отыру үшін емес, ән айтып, би билеуге келдік. Сондықтан көңіл көтерейік.. (Шыршаны айналып ән айту.Орысша, қазақша жаңа жыл жырын әндету).
Ән аяқталған соң, гномдар ортаға шығып жаңа жылдық әуенмен балаларға қимылдарын бірге қайталауды өтініп, флешмоп билейді.
1-жүргізуші:
- Өзінің сиқырлы күшімен талайды достастырып, жамандықты жақсылықпен жеңе білген, ол кім, балалар? (хормен «сиқыршы» деп айта білулері керек)
- Сіз, бізге көмектесіңізші, біздің Аяз атамыз бен Ақшақарымыз кешігіп жатыр. Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы қайда жүргенін біліп бермейсіз бе?
Сиқыршы: Жаңа жылдарыңызбен балалар, қонақтар! Қолымнан келгенінше көмектесейін. Сиқырлы таяғымен сиқырлайды. (музыка ойналады)
Сахна ашылып, (көрініс) қасқыр ешкінің үйін торуылдап жүреді. Ешкі себетін арқалап орманға кетіп бара жатады. Аяз ата орман ішін аралап келе жатып көріп қалады.
АЯЗАТА:- Ей қасқыр, әлі торуылдап жүрсің бе? Жаңа жылда барлық әлемде жақсылық, достық орнауы тиіс. Сондықтан, сен бұл қылығыңды қой. Жүр менімен, балалар күтіп отыр, мерекеге барайық.
Қасқыр: - Жарайды, Аяз ата сіздің айтқаныңызды тыңдайын.
Жолда келе жатып, ағаштың түбінде тығылып отырған түлкіні көріп қалады.
АЯЗАТА: - Ей, қу түлкі енді кімді алдасам деп отырсың ба?
- Жүр бізбенен шырша тойына барайық, балалармен көңіл көтерейік.
Түлкі: - Айтқаныңыз болсын.
Музыка ойналып Аяз ата ертегі кейіпкерлерімен шырша жанына келеді.
АЯЗАТА: - Амансыздар ма балалар, қонақтар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
2-жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Ата! Балалар сізді асыға күтіп отыр.
АЯЗАТА:
- Балалар! Мен орман ішінде келе жатқанда, Ақшақар қызымнан адасып қалдым. Сіздер көрген жоқсыздар ма?
- Кәне бәріміз қарша қызды дауыстап шақырайық.(Балалар дауыстайды Ақ-ша- қар3)
Сиқыршы – Мен көмектесейін! Қалай ойлайсыздар?! (Сиқырлы таяқшасымен сиқырлайды. Сиқырлы әуен ойналады).
Әсем әуен ойналып Ақшақар кіреді.
АҚШАҚАР:
- Сәлеметсіздер ме балалар, қонақтар! Сіздерге келе жатқанда орман ішін қызықтаймын деп, Аяз атамнан адасып қалдым.
- Рахмет сиқыршы! Рахмет!
1-жүргізуші – Ақшақар, балалар сізді асыға күткен еді. АТА, сіз шаршаған боларсыз, дем алыңыз. (Аяз ата тағына отырады).
АҚШАҚАР:
- Мен секілді қарша қыздар бар екен ғой, менің билегім келіп тұр.
Иә, бұл 1 - сыныптың балалары. «АҚШАҚАРЛАР» биін қарсы алыңыздар!
Би соңында Ақшақар қар жауғызады.
2-жүргізуші:
– Біздің балалар сіздерге арнап өз өнерлерін көрсетеді.
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
«Жаңа жылмен құттықтаймын» деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды – дегендей, мектеп алды даярлық тобының құттықтауын қабыл алыңыздар. (Өлеңдерін жатқа, нақышына келтіріп орындайды)
1-жүргізуші:
Мектебіміздің бишілерін шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық»- дей келе, 2- сыныптың оқушыларының құттықтауларын қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші:
Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда бір.
Жарқын - жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр. 3 - сынып оқушыларының өнерлерін тамашалайық!Ән: «Жаңа жыл!»
АЯЗАТА:
- Ой, мына балалардың барлығы өнерлі екен! Менің де билегім келіп кетті ғой. Қәне менің кішкене көмекшілерім қайда екен? ...
Аяз ата балалармен Гномдар биін билейді. Би: «Гноми - гном»
Бұл балалар 5- сынып оқушылары, сыйлығыңызды берсеңіз.
- Аяз ата, Ақшақар, балалармен ойын ойнаңызшы!
( Аяз ата балалармен жаңа жылдық ойындар ойнап, сыйлықтарын үлестіреді).
Ойындар:
1-ойын: Жаңа жылдық тілектер сайысы
5 қатысушыны ортаға шақырамыз. Олардың әрбіреуі кезекпен бір жаңажылдық тілек айтуы тиіс. Бес секундтан артық ойланған ойыншы ойыннан шығарылады. Соңына дейін жеткен адам жеңеді.
2-ойын: Жаңажылдық сайыс
Қалпаққа бір-бір сөзден жазылған кішкентай қағаздар салынады. Мысалы, шырша, мұз, қар, Аяз Ата, тб. Әрбір ойыншы кезекпен қағазды алып, сонда жазылған сөз кездесетін өлең не ән айтуы керек.
3-ойын: Сыйлықтарға толы қорап.
Жаңа жылды тойлайтын бөлменің бұрышына үстіңгі беті бар, түбі жоқ қорап қойып қойылған. Оны әдемі лентамен байлап, «Мерекеңізбен» деп жазу жазылған. Ал ішіне кәмпитті толтырып салу. Ең бастысы, қорапты жоғары бір жерге қою. Алдайтын адам сыйлықты көріп, бірден барып, қорапты ала бергенде, үстіне кәмпит төгіледі. Үлкен сыйлыққа кенеледі.
«Шыршаны безендір» сайысы
Ойын үшін бірнеше лента, жылтырақ пен ойыншықтар (ойыншы санына қарай) қажет. Шырша ретінде қыздар ойнайды. Олар бір қолына лентаның бір ұшын ұстап тұрады. Ал ұлдар қолдарын тигізбей, еріндерімен басқа шетін қысып, өз ханымын безендіреді. Қай жұптың «шыршасы» әдемірек болса немесе қайсысы бірінші бітірсе, сол жұп жеңеді.
т.б ойындар ойнатуға болады.
Доңыз жылы – Ой балалар, менің де мерекеде көңілім көтеріліп қалды! Сендермен қоштасатын кез де келіп қалыпты. Менің жылымда сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға айтар тілегім бар.
Қуанышты ортамыз сазға ұласқан,
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан.
2017 жыл қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер, Қазақстаным!
Келесі жыл бастауын тауыққа беремін.
Сау болыңыздар! /Доңыз жылы қоштасып, шығып кетеді./
Барлығы: Қош бол, доңыз жылы, қош бол!
1-жүргізуші: Балалар Жаңа жылымыз келгенше көңілді шырша тойымызды жалғастырайық.
Лоторея ойнату.
Сағат соғылып, әсем әуен ойналады.
Есік қағылып Жаңа жыл « тышқан» кіреді.
Тышқан жылы:
Армысыздар балалар,
Бармысыздар халайық!
Жаңа жылда жұп жазбай
Келіңдер қарсы алайық!
Жақсылыққа бағыт алған,
Тауықпын мен Жаңа жыл!
Жаңа жылда барлығыңыз,
Жаңа үміт таба біл.
Жаңа жылдың мерекесін,
Мерекеге жалғаймын!
Елде, жерде, табиғатта,
Бақыт жолды қолдаймын!
2-жүргізуші : - Қонысыңыз құтты болсын Тышқан жылы.
Қонарсыз төрімізге ырыс болып.
АҚШАҚАР: Қош келдің Жаңа жыл!
АЯЗАТА: Ал айналайын, Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарыммен қыздарым, мынау халқым саған аманат! Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, Жаңа жыл!
АЯЗ АТА: Ой, бәрекелді, балаларым! Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар. Көп - көп рахмет! Өркендерің өссін! Енді Ақшақар екеуміз аттанайық! Баршаңызбен қоштасамыз, сау болыңыздар!
АҚШАҚАР: Сау болыңыздар балалар, келесі жаңа жылда кездескенше!
Барлығы: Сау болыңыз Аяз ата! Сау болыңыз Ақшақар!
(Әсем әуенмен, Аяз ата мен Ақшақар қоштасып, шығып кетеді)
2 - жүргізуші: Міне, жаңа 2020-да келді. Ал 2020 жылы елімізге тыныштық болып, ырыс - құтымыз арылмасын!
1 - жүргізуші: Жаңа жыл - әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін! Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын!
Келесі жаңа жылда кездескенше аман - сау болайық!
Бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!