Тауық жұмыртқасының қабығын үгітіп жейді екен

Oinet.kz 17-01-2023 539

Бұл қызық хат бізге Ақтөбе облысынан келді. Сейсекүл Ахрапбаева деген оқырман «Ауырмаңыз!» газетінің редакциясына мынадай ем түрін жолдапты:

Screenshot_40.jpg

«Мен өзім 40 жылдан бері қолданатын және керемет нәтижесін көрген бір рецепт жолдап отырмын. Кәдімгі жұмыртқаның қабығын әбден майдалап, күнде шай қасықпен ішіп отырдым. Оның қыз-келіншектерге қуыққа суық тигенге жәрдемі күшті. Өз басым 2-3 күн ішінде нәтижесін көрдім.

Жұмыртқа қабығында кальций көп болғандықтан тісті сақтауға да көп пайдасы бар екен. Негізінде үй жұмыртқасын ұнтақтап, сүтке араластырып ішкен пайдалырақ.

Бір апта күнде қайнатылған бір дана жұмыртқаның қабығына лимон шырынын косып та жегенмін. Оны кофемолкаға салып алсаңыз талқан сияқты болып шыға келеді, жеуге де оңай. 

Қазір жаңа туылған нәрестелерде ұршығы жетілмеген деп аяғын баса алмайтындар көп қой. Сондай балаларға біздегі бір дәрігер жұмыртқа қабығын беруге кеңес беріп жүр. 

Тағы бір куә болғаным: бір баланың тісі өте қисық болып шығады. Анасы уайымдап жүреді екен. Көршісіндегі орыс апа оған осы емді айтыпты. Содан әлгі әйел піспеген шикі жұмыртқаның қабығын ұнтақтап, сұйық тамаққа қосып беріп жүріпті. Сонда тісі қисық деген жасөспірімнің тістері түзу де мықты болғанын айтып берді», – деп жазады С. Ахрапбаева.

Жұмыртқа қабығының кальцийге бай екенін дәрігерлер де растайды. Бірақ оны күніне бір рет қана пайдалану керек екен. Емді әр бір аптадан кейін 5 күнге тоқтатып, үш рет қайталауға болады. Ал үнемі пайдаланғн жағдайда бүйрекке тұрып қалуы мүмкін екенін ескертеді. 

«Ауырмаңыз!» газетінен.

Әйелімнің қарсы болғанына қарамай, тоқалыммен таныстырып ем, әйелім мойныма асыла кетті
Аборт жасатпақ болған жалғыз ұлды аман алып қалған құрбы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу