Молданы боқтап жеңген шешен

Oinet.kz 06-01-2023 5659

Боқтау дегеннен шығады. Ертеде Сағымбай деген сөзге шешен, тапқыр адам болыпты. Бір кемшілігі боқтық қоспай сөйлемейді екен. Сол кісінің заманында Бұқарадан оқып келген Орал деген молда болыпты. Ол кісі мейлінше діндар адам екен. Біреу шариғатқа сəл қолайсыз сөз айтса болды, ұрысып, жер-жебіріне жетеді екен.

Screenshot_17.jpg

Бір күні Орал молданы  бір үй түстікке қонаққа шақырып отырғанда, сол үйге молданың үстіне Сағымбай да келіпті. Үй иесі “Сəке, жақсы келдіңіз, үйде молдекең отыр еді, бірге ас ішіңіз, үйге кіріңіз” деп, бəйек болады.

Сағымбай үйге кіріп, молдамен амандасып, бірсыпыра уақыт отырады. Əлден уақытта Сағымбай тықыршып: “Жол жүрмекші едім, анау ішіңді с…гейін қазанға тас түсіп кеткен бе, неғып кешігіп жатсыңдар!” дейді.

Мұндай сөзді естіген молда дереу орнынан тұрып, киіне бастайды. Үй иесі: “Оу, молдеке, қайда барасыз?” дейді. Молда: "Бұл үйге отыруға болмайды, мынау ас арам, боқтап қойды” депті.

Мұны естігенде Сағымбай да ыңғайсызданып, “Молдеке, асығып отырған соң, ауыздан абайсыз шығып кетті, кешірім етіңіз де, отырып дəм ішіп кетіңіз” дейді. Бірақ, молла көнбейді.

Сонда Сағымбай: “Молдеке-ау, тоқтасаңызшы, мен боқтағанмен бəленшем қазанға түсіп кеткен жоқ қой, ас ішіп кетіңіз, бірге тұрайық” дейді. Молда: “Жоқ, арам дедім ғой, енді отыруға болмайды” деп көнбейді.

Сонда күйіп кеткен Сағымбай: "Əй, молда шыныменен тоқтамадың ғой, өзі бүгін қайда барып қонасың?” депті. Молда: “Қайда барушы едім, үйге барамын” дейді. 

Сағымбай: “Ендеше үйіңдегі қазан-ошағыңның, ыдыс-аяғыңның, самаурын-шəйнегіңнің бəрінің ішін с…гейін! Ал, тамақ ішіп көр! Ертең, одан арғы күн, одан да арғы түстенетін, қонатын үйлерінің тамақ ішетін барша ыдыс-аяғын, əбзел-жабдығын с…гейін! Ал, тамақ ішіп көр!” депті. Сонда молда: “Туһ, патшағар-ай, саған дауа жоқ екен ғой!” — деп, отыра кеткен екен. 

Сондықтан сіздер де түк болмағандай отыра беріңіздер, тек боқтамасаңыздар болғаны )

Наука Мукаш facebook парақшасынан

Бір кездері дүркіреп тұрған досымды қайдағы бір қытай жер қылыпты
Күйеуін көңілдесінен айламен қайтып тартып алған әйелдің әңгімесі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу