Телеарналарда хайп бағдарламалар неге көбейді?

Oinet.kz 22-05-2019 1420

maxresdefault.jpg

Хайп-дегеніміз тәуелділік. Қәзіргі жастардың жасағаны "хайп" жинағаны лайк. Себебі ұлттық ұлылығын емес, желінің  жеңіл  дүниелерін насихаттайтын  мұндай  әрекеттер өскелең ұрпақтың да санасын  улауда.

Телеарна дегеніміз халық  пен билік  арасындағы телекөпір іспеттес.Телеарна БАҚ өкілдері  арқылы қоғамды  елде болып  жатқан жаңалықтармен мәдени   дүниелермен қамтамасыз  етеді.Қәзіргінің   көк   жәшіктері  мәдениетті   ысырып  ,рейтингкті  мақсат  еткен  сыңайлы.Қәзіргі  таңда  отандық  телеарналарда  қыз  бен жігіттің танысуы, қарым-қатынас орнатуына бағытталған   бағдарламалардың  саны  шексіз.Дәл  осы бағытта әр түрлі арнада, әр жоба  мақсат  екі жартыны   бүтін қылу  ма?-я болмаса жеңіл атақ  немесе  көрсеткіш  пе?

Мысалы ретінде "Қалаулым","Өз ойым"Кел келінім", жобалары.Бұл  бағдарламалар "Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату  туралы заң  жобасының 29-бабына сәйкес келеме?

"Телебағдарламаларды  тартау  кезінде  балалар  мен жасөспірімдерді   қорғау 1-тармағында жергілікті  уақыт  бойынша 06:00-ден 22:00-ге дейінгі  кезеңде  балалар мен жасөспірімдердің тәндік,психикалық,имандылық,моральдық және рухани  дамуына зиян келтіруі мүмкін  телебағдарламаларды,сондай-ақ "Мәдениет  туралы Қазақстан Республикасының  заңына  сәйкес "Е18"  индексімен индекстелген  фильмдерді таратуға  жол  берілмейді"-деп жазған.

Жоғарыдағы заңды негізге ала отырып, отандық "Жетінші арна" телеарнасынан көрсетілетін"Өз  ойым" бағдарламасының  кезекті  сандары"Жалаңаштану жарнама ма?"," Ар  саудасы мен  тән  саудасы", "Трансқа  түскен  өмір", "Еркекшоралық ерсілік пе?"  т.с.с  аталмыш заңға  сай келмейді. 

Еуразия арнасынан  2017  жылдың  20-ші шілдесінен  халыққа жол тартқан  6 миллион  аудиторияны ұстап  отырған  "Қалаулым"  бағдарламасы. Жоба  еліміздегі   сұр бойдақтардың  санын  азайту үшін  жасалған  игі  іс екен….Мақсат сұр   бойдақтардың  пайызын  кеміту болса  18-20  жас арлығындағы  қатысушылар неістеп  жүр?Неге   бұл жобада  көбі  актерлар  мен  актрисалар  ?Бұл   олар үшін  мамандықтарын жариялап  өзін  тез  танымал  етудің  жеңіл  жолы ма?.Жоба  жетекшісінен   бұл сұраққа  жауап іздегенде  бұны  басқалай  түсіндірді:"Актерлар мен  актрисалар болса  да  олардың  бақытты  болуға  құқы  жоқ  деп кім  айтты. Актерларда  ұялу дегенді бакалавриат  кезінен   өшіріп тастағанын,ал  өзге де  маман  иелерінің  келуге  ұялатынын   алға   тарттты.Егерде   сұраныс  болыпты  жатса бұл  жоба  жалғасын  таба  беретіндігін және  де  рейтинг  көрсеткіші бойынша, қазақ  телекеңістігіндегі  ең  жоғары  рейтингке ие  бес бағдарламаның  ішінде  екенін айтты.

Әлеуметтік желінің  әлегіне айналған тағы бір жоба алайда  бүгінде өз шығарылымын тоқтатқан - "Кел келінім" реалити  шоуы. Жоба  мақсаты-жас  жігіттер мен қыздарды  отбасылық өмірге дайындау, олардың  үлгілі  келін мен  абыройлы  күйеужігіт атанып, шаңырақ  көтеруіне  себепші болу. Мақсаты айқын  болған бұл жоба неліктен шарықтау  шегіне  жетпей жабылды.Себебі қашан болса да арзан қол дүниелер шарықтау  шегіне  жетпей  жатады.

Бұл  бағдарламаларды көріп  өскен келешек  ұрпаққа  қандай тәрбие бере аламыз.Қазақы   болмыс,ұлттық  құндылық  деген   дүниелерден жұрдай ұрпақ  өспесіне  кім  кепіл. Ұлттық рухы біртұтас,айқын,асқақ  халықтар ғана тарих көшінде ұлы жеңістерге  жететіні адамзат қоғамында сан мәрте дәьелденген.Еліміздің елдігін сақтап,  келешегі кемелденген  ел  боламыз десек қәзірден  мәдениет құралы болған көк жәшігіміздің  тәрбиесіне  дұрыстайық.

Қалбибі Ағабек, 

ХҚТУ журналистика факультетінің студенті

93 жастағы майдангердің мұңын тыңдар кім бар?
ҰБТ-дағы жаңа өзгеріс қаншалықты тиімді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу