Баба Түкті Шашты Әзіз кесенесіне арнайы турлар ұйымдастырылып, насихат жұмыстары жүргізілмек

Oinet.kz 25-08-2022 362

Screenshot_2.jpg

Созақ даласында әулиелер де көп болғаны аян. Мұнда әлі күнге дейін ізі сақталып, кесенесі тұрғызылған әулиелі мекендер бар. Соның бірі – Құмкент ауылының маңындағы Баба Түкті Шашты Әзіз баба кесенесі. Жақында осы кесенеге арнайы делегация келіп кетті. 

Баба түкті Шашты Әзіз кесенесі күйдірілген кірпіштен қаланған. Қабырғалары сыланып, әктелген. Үйдің ортасына кірпіштен қаланған құлпытас орнатылған. Баба Түкті Шашты Әзіз кесенесіне еліміздің түкпір-түкпірінен зиярат етіп барушылардың қарасы еш үзілмеген. Әулиенің басына барушылар сырқатына ем іздесе, енді біреулер үлкен намысты додаларға аттанарда дұға етуге, перзент сүйе алмай жүрген қыз-келіншектер баба рухына дұға жасап, Алладан бала сұрауға барады. Мазардың жанында  бұлақтан мөлдіреп су ағып тұр. Жанында шағын көлшік бар. Ниеттеніп келушілер бұлақтың су ішіп, көлшікке жуынып, дертіне ем сұрайды.

Тарих ғылымдарының кандидаты Бахадыр Айтай тарихи тұлғаға салынған кесененің бүгінгі ахуалына көңілі толатынын жеткізді. 

- Созақ ауданындағы әулиелі мекендерге насихат жетіспейді. Әйтпесе мұндағы әулиелі жерлердің әлеуеті өте жоғары. Зиярат етіп келіп жатқан азаматтардың көптігіне қарап осыны аңғаруға болады. Енді біз бұнымен тоқтап қалмай, оқушыларға, студенттерге Созақты әулиелі мекендерді насихаттауымыз керек. Осында түрлі туристік маршруттар ұйымдастырып, өскелең ұрпаққа кеңінен таныту қажет. Өз тарихын біліп өскен, сусындап өскен ұрпақтан болашақта патриоттар шығары анық, - деді Бахадыр Айтай.

Аудандық әкімдіктегі жауапты азаматтар аталған кесенеге алдағы уақытта арнайы турлар ұйымдастырылып, насихат жұмыстары кеңінен жүргізілетінін мәлімдеді. 

Баба Түкті Шашты Әзіз кесенесіне зиярат етіп келушілер қарасы мол
Қарабура әулие кесенесі бойына тылсым сырды бүгіп жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу