Баба Түкті Шашты Әзіз кесенесіне зиярат етіп келушілер қарасы мол

Oinet.kz 25-08-2022 408

Screenshot_1.jpg

Жақында Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзіз баба кесенесінің жай-күйімен танысуға Қазақстан Журналистер Одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібай, Қазақстан Жазушылар Одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Айдар Сейдазым, белгілі ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты Бахадыр Айтай, Түркістан облыстық Мәдениет басқармасының жанындағы Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталықтың директоры Жандос Керімұлы, облыстық Мәдениет басқармасының бөлім басшысы Мұқағали Кенжетайұлы және тағы бірқатар қаламгерлер мен журналистер енген арнайы экспедициялық топ барды. 

Созақ даласында әулиелер де көп болғаны аян. Мұнда әлі күнге дейін ізі сақталып, кесенесі тұрғызылған әулиелі мекендер бар. Соның бірі – Құмкент ауылының маңындағы Баба Түкті Шашты Әзіз баба кесенесі. Мұнда тәу етіп келушілер саны өте көп. Баба түкті шашты Әзіз кесенесі – 1990-шы жылдардың ортасында бұзылып, оңтүстікке танымал кәсіпкер Серікжан Сейтжанов жаңғыртқан. Алайда, ғимараттың төбесінен су ағып, апатты жағдайға ұшырай бастаған соң кесене үшінші рет тұрғызылған. Бұл игі істі Нұрсадық Ергешбекұлы деген абзал азамат жүзеге асырғанын жұрт жақсы біледі. Кесенеге тұрақты түрде күтім жасап тұруды да осы Нұрсадық Ергешбекұлы өз қолына алған.

Кесене шырақшасысы Асылхан Арысбаевтың айтуынша, мұнда келушілер қатары сиреген емес. Айнала құмдақ. Шөп сирек өседі. Тарамдана ағып жатқан өзен жоқ. Ал Баба Түкті Шашты Әзіз кесенесі маңы шөл даладағы оазис секілді. Мұнда жер астынан су шығып, кесене төңірегі жасыл желекке бөленіп тұр. 

- Кесененің жанында көлшік бар. Бұл көлшікке су жер астынан шығатын бұлақтардан жиналады. Көлшікке балықтар сән беріп тұр. Балықтардың арасында алтындай жарқырап тұратын балық бар. Оны көпшілік «алтын балық» деп атайды. Бір қызығы, балықтар Рамазан айында көлшіктен жоқ болып кетеді. Қасиетті айда балықтар да ораза ұстайтынын білдірсе керек. Ораза біткен соң олар көлшікке қайта шығады. Кесенеге келушілер балықтарға нан береді. Олар сонымен қоректенеді. Сонымен қатар көлшіктің де табиғаты керемет. Шөп-шалғыны көп. Жабайы үйректер де көлшікте емін-еркін жүзіп жүр. Мұда балықтарды аулауға болмайды, - дейді шырақшы Асылхан Арысбаев. 

Облыстық мәслихат депутат Ғалымжан Елшібайтың айтуынша, Созақтағы киелі орындарға зиярат етіп келушілердің саны мол болғанымен сан ғасырлық тарихы бар сакральды нысандарға ерекше күтім керек. Айналасын абаттандырып, шама келгенше қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген дұрыс.

Бір тәулікте 76 тілге аударылған қарт ананың 4 ауыз сөзі
Баба Түкті Шашты Әзіз кесенесіне арнайы турлар ұйымдастырылып, насихат жұмыстары жүргізілмек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу