Тiрiдей қазақтың теріciн сыпырған - Джа Лама немесе Дамбийжанцан деген ит

Oinet.kz 20-07-2022 2217

1912 - жылы Алтайды ата - мекен көне баба жеріміз деп мекендеп жатқан Керей қазақтарына мәңгілік қасiреттi оқиға туылды. Адамды ата салу аса салу ұрып өлтіру әр түрлі тәсілмен зорлап өлтіру бер жағы екен. Адамды етінен тірідей терісін сыпырып тұлып жасап іреп сойып өлтіру оқиғасы туылды.

Screenshot_3.jpg

Моңғол елінің билеушісі Боғдыханға адал болған Дамбийжанцан өлкені реттеуге рұқсат алып Алтай тауларына келiп сонда мекендеп жатқан Қобда мекенi маңайындағы қазақтарды шекарадан асырып моңғол жерлеріне көшiрiп оларды солай билесек деген ой сап ете қалады. Моңғолды билеген дiн басшыларына қазақтардың шекарадан асып не арғы жағында не бергi жағында көшіп - қонып еркін жүргені кейбір ауылдары сол кездегі Қытайды билеген Цинь патшалығымен араласып тұратын ел басшылары да бары ұнамай сол үшін оларды Моңғол жеріне қарай көшірсек Цинь патшалығынан бiзге қауіп жоқ деп сенді. Қазақтарды билейтін уақыт жетті деген желеумен қару алып Дамбийжанцан 500 әскерiмен қазақ ауылдарын шауып бiрiнен соң бiрiң басып алып әйел - бала кемпiр - шал демей бәрiн аяусыз өлтіреді. Тiрi қалғандарды Дорвод далайханың дамби өлетінің хошунына (елді - мекен) күшпен айдайды. Еркіндiктi аңсаған қазақтар ешқашан жауға оңай берiлмедi. Кейбірi қарсыламыз деп аяусыз жаншылып жатты олар қанша қарсыласса да жау тiсiн батыра түсті. Сол кездегі моңғол қазақтарынан ел билеген билердің  бiрi шеруші руының Қылаң руынан шыққан топ өз еріктерімен айдауға қосылып кетті. Алайда қазақтардың көрсеткен қарсылығы Дамбийжанцанға қатты соққы болды. Себебі ол 500 әскерiмен шайқасып жүрiп 300 әскерiмен ғана аман қалады. Кейін ол нағыз айуандық әрекетке көшеді. Енді ол мынадай үндеу тастайды: Қарсыласқан адамды қойып малына дейiн қырыңдар аямаңдар ешқайсысын дейді.

Содан соң Дамбийжанцан бiр топ жасақ жинап Қарақас руы Ақынбектiң ауылын шауып күшпен айдай бастайды. Жастарын ұрып - соғып кемпір - шалдарды тез жүрмедiңдер деп таяқ астына алады. Мiне мына қорлықты көрген Ақынбек қолына қамшысын алып моңғол әскеріне ұмтылады. Ал әлгілер болса мынау қамшымен бiзге не iстей алады деп қарқ - қарқ күледі. Содан Ақынбек жақындап келген 4 әскерді қамшымен сарт ұрып құлатады. Өкiрiп құлаған қанiшер әскерлер сол жерде жан тапсырады. Қалған әскерлер естерің жия салып алыстан шалма лақтырмақ болғанда қолынан қамшысы түспеген Ақынбек тағы да бір екеуін сарт ұрып құлатады. Сол кезде топ басшысы Ақынбектiң аяғынан атып есеңгіреп тастайды. Содан соң қанiшер әскерлер оны байлап тастайды.

Бұл хабарды естіген Дамбийжанцан қарсыласқан жiгiттi ауылының алдында терісiн тiрiдей сыпырып тастаңдар деп бұйырады.

Біраздан қазақтың арыстандай азаматы қолындағы қамшысын қасарсып қысқан қалпы тұлып боп етінен терісі тірідей айырылып сыпырылады.

Егер кiмде - кiм қасарысып маған қарсы шығатын болса осылай оның терісін сыпырып аламын деп қорқыту үшін есiк алдына тұлып қылып iлiп қояды. Дамбижанцанның тағы бір жауыздығы сол кезде қазақтармен бірге моңғолдың ұсақ руларының бірі уранхай ұлтымен қазақтардан 15 бойжеткенді тартып алып байларға тарту етіп әскер және қару алмақ болады. Бірақ жолда сырқаттанып қалғандықтан бақсы - балгердің айтуымен ең сұлу қыз деген уранхай ұлтының қызының басын шаптырып соның қанына қолын малып тұмауынан айығудың жорағасын істеткенін күні - бүгінге дейін ақсақалдар күрсіне айтады. Ал ана 15 қызды қазақ- уранхайдың аңшы жігіттері баспалап жүріп жауыздарды бірін қалдырмай қырып барып құтқарып қалады.

Дамбийжанцан қазақтарды батыс Моңғолиядан қуып Ресей мен Қытай жеріне тықсыра қуды. Дәл осы кезден мұсылман мен будда ара - қатынастарында түйткілді мәселелер пайда бола бастады. Дамбийжанцанның дін жолындағы ең қатал айуандығы мұсылмандарды зорлықпен пұтқа табындырудан басталды. Мұсылман діндарлары Смайл (Қалмақ) Төленбайұлы Шыбарайғыр руының азаматтары Тұрап Кітапбайұлы (1898-1949) Мұратбай Шіңкеұлы Ботағара Шәку руынан Арсалаң Белдемшеұлы (1865-1922) қатарлылардың басына темір ноқта салып Мүнжигтегі Шар цех пұтханасына қарай айдады. Қазақ жастарын әскер қатарына күшпен тартып жасөспірімдерді Шивэрт күреніне (хүрээ) шавь немесе шәкірт лама дәрісіне жүгіндіріп төбелеріне шыны төңкеріп айдар қойғызды.

Айдаған көшке кедергі болады жүре алмайды екен - деп қырық баланы Увс өлкесіндегі Қызыл белдің үстіне қайыс арқан мен байлап қалдырып аштан ит құсқа жем қылдырып өлтірді.

Ауылды сабалап айдағанда жас балаларды тура көшке кедергі болады деп анасынан тартып алып өлтіріп отырыпты.

Әйтеуір жетер жерге жетті енді айтқандарың болсын - деп соңғы бірнеше күн ешбір кісі қарсыласпағасын өздері де шаршаған әскерлер сәл босаңсып демалуға кіріскен күні түнде барлық қазақ қопарыла әскерлерге тап берді. Кейбір жігіттер әйелше киініп алып ұйымдастырып Көрімбәй бастаған жігіттер киіз үйдің уығынан найза істеп әскерлерді кіндігінен шаншып көкке тік көтергенде шырылдаған әскердің жан айқайы соғыстың басталу белгісі еді. Таң атқанша өздеріне тісін батырып айуандық зұлымдық пен айдап көшіріп келген әскердің бірін қалдырмай қырған қазақтар таң ата келген жақтарына қайта көшіп Қобда бетіне мекендеуге аттанады. Бірақ осы жолы қазақтар үшке бөлініп Қылаң бастаған шеруші руы маңдайдағы жазмышын тосып Алтай - Қобда бетіне барып мекендейміз деседі.

Ал Сүгірбай бастаған 300 отбасыны будда дініне кіргіземіз - деп келген 33 әскердің бірін қалдырмай қырып салды да ұлтымызды сақтау үшін қайда көш десеңде көшеміз бірақ басқа дінді қабылдамаймыз бабалардан жалғасқан исламмен қаламыз Ресейге көшіп жан сауғалайық - деп бір тобы қазіргі Шүй Қос - ағаш қазақтарына кезіндегі найман руына барып паналайды. Қылаңмен ерген топтың жартысы Шынжаңға көше кетеді. Ал Қылаң тобы Қобда бетіне келген соң моңғолдың астанасына дін басы ел билеушісі Боғдыханға болған жәйді баяндап хат жолдайды. Өздерінің моңғол еліне деген адалдықтарын білдірді және болған оқиғаны дұрыс түсінуге тырысуын өтініп сол кездегі бар қазақтың атынан Қобдадағы орыс консулы арқылы хат жібереді.

Бұл оқиға болған жер моңғолдың батыс аймағының бірі Увс жеріндегі (өрөг нуур)- деген жер еді. Яғни қазақша Өрікті көл. Сол айдалған жұртпен бірге болған барын өз көзімен көрген шеруші руының күйшісі Сеиітжән бұл көл Өрікті көл емес "өлікті көл" болды сондықтан естен кетпес қасiретті ұрпағымыз мәңгілік ұмытпай сабақ ала жүрсін деп Өрікті көл күйін шығарған еді. Ал шеруші руының батыры Қылаңның арман мақсаты орындалып моңғолядағы қазақтар жеке ұлттық аймақ боп орнап сондағы аз қазақтың арыстай ұлдары мен қыздары ұзақ жылдардың қатал тағдырдың сынағынан аман өтіп бір ел болып бейбіт өмір сүруде.

Ал Қылаң Шынжаңдағы қалың малды мәнжуға бағынушы адамды моңғолға бағындырып әкетіп мәнжу билігінен бас тартқандықтан мәнжу әкімшілігі артына түсіп тіміскілеп жүріп не бір тыңшы қанышер жауыздарын жіберіп жүріп Қылаңның басын шапқызған еді.

Дамбийжанцанның бұдан кейінгі тағдыры 1921 жылы Коминтерннің тапсырмасымен Моңғолияға келіп арнайы міндет атқарған Б.З.Шумяцкийдің назарында болды. Дамбийжанцан 1922 жылы шілденің 16 - күні Д.Сүхбаатар жанжиннің бұйрығымен тағайындалған Нанзад Дугар бейсілердің қолынан қаза болғандығы айтылады.

Біз ашылдық па?
Сотта байды жеңіп мат қылған кедей
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу