Көшкен періге соғысып өлген жас келіншек

Oinet.kz 28-06-2022 3788

Бір қыз бен жігіт үйленіп ұлан - асыр той жасапты. Отыз күн ойын, қырық күн тойын өткізіп абыр - сабыр адам аяғы басылыңқыраған кешкі апақ - сапақ мезгіл болса керек. 

Screenshot_5.jpg

Жас келін отауынан шығып дәретке шықпақ болыпты. " Бұл жердін қыр - сырын білмейсін" деп қасына күйеуі де ере шығады. Жеке отаудан сәл әрігерек бір түп шеңгелдін түбіне қарай жас келін шапанды желең бүркеніп алып кете барады. Ақ көйлегінің етегі жер сызып бұрандап бара жатқан келіншегіне сыртынан сүйсіне қарап күйеуі шеттеп қала береді. Сол мезетте кеште қоюланып ай туады. Шеңгел жақтан уп еткен сыбыс жоқ. Күйеуі дыбыс береді, тым-тырыс. Сәл тың тыңдап, "ал мен бара жатырмын" дейді. Үн жоқ. Жігіт ақырындап бір түп шеңгелге жақындайды. Келсе жан жоқ. Жана ғана көз алдында құманын алып дүзге кеткен келіншегі құмға сіңгендей ғайып болыпты. Жігіт аттандап ауылды басына көтереді. Бүкіл ауыл боп ат тұяғы жетер жерге дейін келіншекті іздейді. Келіншектің ауылына хабаршы шабады. Бүкіл ел-жұрт аяғынан тік тұрып іздеу салады. Ұшты-күйлі бір дерексіз кетеді. 

Көрдім білдім деген жан болмайды. Сүйтіп куйеуінің дəл көзінің алдында келіншегі ізім-ғайым ғайып болыпты.. Арада жылдар өте береді. Келіншектен бір хабар жоқ,жұрттар сан-саққа жорып бұл оқиғаның ізі суып күдерлерін үзе береді. Неше жаз,неше күз өтеді. Өмір алға жылжи береді. Бір күні кеш қоюланып түн түнегі түсе бастағанда сол ауылға алыстан баяу жылжыған бір бейне жақындай түседі. Алгашқы да оны ешкім байқамайды. Тек түннің түнегін əппак ай қуып айнала ағараңдай көрінгенде ғана сыртта шаруасымен жүрген бірен-саран адам сұлбаны байқайды. 

Жақын маңда жаяу адам келетіндей ауылда жоқ. Жұрт жиналып "бұ кім екен жапан даладан келе жатқан"деп жалғыз адамды күтеді. Жолаушы жақындағанда жұрт гу ете қалады. Жапырлап жол ашып лəм-мим деуге халдері келмей аңырап қалады. Басына шапанын бүркеніп,ақ көйлегінің етегі жер сызып,қолында құманы бар бұл келген-жоғалып кеткен келіншек еді. Тап бір жаңа ғана түзге шығып келгендей асықпай өз отауына енеді. Оң босағаға тізе бүге беріп "уфф"деп терең демін шығарады да бір жағына қарай қыйсайып құлай береді...

Сол құлағаннан ол есін жимастан үш күннен соң бақилық болады. Қыздың əкесі қолынан келгенін аямай қызын тірі алып калғысы келіп бар тəуіп бақсы-балгерді жинайды. Еш қайран болмаған екен бірақ. Көпті көрген атағы жер жарған молда айтыпты:

-Менің пайымдауымша бұл қыз күн мен түннің алмасу сəтінде көшіп бара жаткан перінің көшіне тап болған сияқты. Күнмен жағаласып ұйықтама,күн батарда жас келіншек суға бармасын, жалғыз түзге шықпасын деген ырымдар бекер емес. Күн мен түн алмасарда перілер əсіресе белсенді болады екен. Бул сондай періге соқтығысып калған сияқты. Көшкен перілер өздерімен ілестіріп кеткен. Енді бұл бұ дүниелік адам емес.,-депті. 

Қазақ қызына қырғыз жігіті сезімін білдіргенде қазақ қызының айтқан жауабы
Мұқағали қатты қорыққан қорқынышты түн
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу