Дінмұхамед Қонаев өзі араласқан оқиғалардың минутына дейін есте сақтаған

Oinet.kz 16-02-2021 1562

f1fc77202336d5cd0c951e54a75c8e25-696x454.jpg

Дінмұхамед Қонаев өзі жүрген, көрген, естіген нәрселердің бәрін зердесіне ұзақ сақтайтын, бұлардан еш нәрсені ұмытпайтын адам болған. Оның зерделілігі өз алдына – есте сақтау қабілеті аңызға айналған. Өзі араласқан оқиғалардың жыл, ай-күні тіпті, сағат, минутына дейін ол кісінің есінде өле-өлгенше сақталған. Қазақстандағы мыңдаған колхоз-совхоздардың, жер-судың және озат шопан, механизаторлардың есімін  өмірінде ұмытпаған. Өндіріс, экономикаға байланысты сандар мен цифрларды кез келген жағдайда жаңылмай айтып отыратыны ғалымдардың өзін қайран қалдырған. Дінмұхамед Қонаев естелігінде сүйген жары, өмірлік серігі Зухра Шәріпқызымен қанша жыл, қанша ай және қанша күн бірге болып, өмір сүргенін жарықтық сағатына дейін есінде сақтаған. Дінмұхамед Қонаевтың есте сақтау қабілетіне теңеу жоқ. Бұл Қонаевтың ерекше құбылыс екенін дәлелдейді. 

Дінмұхамед Қонаевтың ата-анасы туралы не білеміз?
Нұртілеу Иманғалиұлының ғибратты ғұмыры (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу