Түнде жүрген жеткіншектің тәрбиесі қандай?

Oinet.kz 20-01-2021 706

Қылмыстарды анықтап, оған қатысы бар тұлғаларды құрықтау, дәлелдемелер жинап, шоғырландыру – полицияның басты міндеті. Бүгінде кез келген маман иесінің өз білімін жетілдіріп, қосымша біліктілігін арттыру жолға қойған. Осы орайда Түркістан облысы полиция департаментінде де жиі түсіндірме сабақтары өтіп тұрады. Жуырда Мемлекет басшысының Жолдауындағы қылмыстық іс жүргізудің үш деңгейлі моделін енгізу туралы тапсырмасына сай, Түркістан облысы ПД Тергеу басқармасының бастығы полиция полковнигі Нұрмахан Жалғасовтың төрағалығымен семинар болып өтті.

Жасөспірімдер.jpg

Семинар барысында полицейлерге жиналған дәлелдерге тәуелсіз баға беруге, азаматтардың құқықтарының бұзылуына жол бермеуге, сотта айыптауды қолдауға міндетті екені айтылды. Семинарға Түркістан облысы бойынша Сот сараптамалар институтының директоры Ш.Тасыбаев арнайы қатысты. Сонымен қатар Түркістан, Кентау қалалық полиция бөлімдері,  Созақ және Отырар аудандары полиция бөлімдерінің тергеу жөніндегі орынбасарлары, тергеу бөлімінің жеке құрамы қатысып, алдағы жұмыстарына қажетті кеңестер алды, тәжірибе алмасты. 

Білікті мамандардың өз ісін мінсіз атқаруының нәтижесінде өткен жылы облыста тіркелген қылмыс саны едәуір азайған. Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі мен Криминалдық полиция басқармаларының қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті нығайту бағытында қарқынды қызмет етуде. Осы бағытта ұйымдастырылған алдын алу іс-шараларының нәтижесінде, өткен жылы облыс көлемінде жалпы тіркелген қылмыстардың саны 2019 жылмен салыстырғанда 28 пайызға төмендеген. Соның біршамасын нақтылай кетсек: қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың 16,7% -ға, көшеде жасалған қылмыстардың 10%-ға, топтасып жасалған қылмыстардың 31,9%-ға, бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыстардың 28,8%-ға, мас халдегілермен жасалған қылмыстардың 11,4% -ға, тонау қылмыстарының 46% -ға, бұзақылықтың 34,4 %-ға төмендеуіне қол жеткізілген.

Мәселен, қоғамдық орындар мен көшелерде тонау, бұзақылық және басқа да қылмыстарды болдырмау, алдын алу мақсатында қылмыстар жиі орын алатын аумақтарға полиция кешенді күштері жұмылдырылды. Сонымен қатар үнемі талдау жасалып, сол аумақтарда тұрақты бір нүктелік рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Оған қоса учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аумақтарындағы ойын-сауық орталықтары мен көңіл көтеру орындарын бақылауға алды. Нәтижесінде қоғамдық орындарда мас халде жүрген 1112 азамат анықталып, уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығына орналастырылған. ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы «Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» бойынша 7486 дерек анықталып, барлығына әкімшілік хаттама толтырылған.

Рейдтік жұмыстарды тек полиция қызметкерлері жүргізбейді. Мәселен, жасөспірімдердің рұқсат берілген уақытынан тыс көшеде жүрмеуін, заңға қайшы әрекеттер жасамауын білім бөлімі, Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері де бақылауда ұстайды. Дәл осы мамандар бірігіп, Сарыағаш ауданын кешкісін аралап, қоғамдық орындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында күнделікті рейдтік жұмыстарды жүргізіп отырады. Шара барысында Сарыағаш қаласы көшелерінің бойында сағат 22:25 шамасында бір топ жасөспірім ұсталған. Олар тексеріп, куәландыру мақсатында Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жеткізілген. Тексеру барысында бір топ баланың ішіндегі 2 жасөспірімнің мас халде екендіктері байқалған. Сараптама тағайындалып, екі жасөспірімнің «орта» дәрежелі мас халде екендіктері анықталды. Орын алған оқиғалар негізінде тәртіп сақшылары әкімшілік хаттамалар толтырып, 5 АЕК көлемінде айыппұл салды.

Сонымен қатар түнгі уақытта заңды өкілінің еріп жүруінсіз жүрген кәмелетке толмағандардың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, ескертулер жасады. 

Көріпкелдер 2021 жыл туралы не деген?
Түнде жүрген жеткіншектің тәрбиесі қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу