Қонақасы дәстүрі
Қонақасы (дәстүр). Қазақтың тарихи аңыз-әңгімелерінде Алаш атамыз өзінің Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс атты үш ұлына енші бөліп бергенде, өзіне тиісті еншісіні «Бұл бүкіл иісі қазақтың бөлінбеген еншісі болсын, мұны да сендерге бөліп берейін. Бұл үрім-бұтақтарыңа жалғассын. Бір-біріңе қайырымды болыңдар. Алымтан шаршап-шалдығып келген қонақтың еншісі – қонақасы болсын» деп әруақты атамыз батасын берген екен.