«Отыздан асып барамын» әнінің шығу тарихы

Oinet.kz 02-12-2020 3391

Қазақ поэзиясының символы Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны - Қазақстан  жаңалықтары | STAN.KZ

Бүгінде зейнет жасына жеткен Садық Қынат осыдан 30 жылға жуық уақыт бұрын Оңтүстік өңіріне жүзім қожалығымен танылып қалған Ордабасыдағы атышулы Октябрь совхозы директорының орынбасары қызметінде жүргенінде иығынан ескі гитарасын тастамайтын. Той-жиындарда елді ауызына қарататын әп-әжептеуір дауысы бар. Сосын ба, қатар-кұрбылары бастары қосыла қалса, «ән айт» деп қолқалайтыны бар. Мұндайда Садық көбіне көше әндерін заулататын. Бірде гитаршы жігіттің өзі 40-қа толатын болып, туған күнінде ерекше бір талантымен танылмаққа бекінеді. Үйінде әбден жұлмаланып тозығы жеткен, басына жастана оқитын Мұқағалидың бір кітабы жататын. Соны ақтара отырып, «Отыздан асып барамын» деген өлеңге көзі түседі. 

– Отыздан асып барамын

Сұқтанып тұрып жанарың,

Сұрыма неге қарадың?

Солай да, солай, қарағым,

Отыздан асып барамын.

Шашымның санап әр ағын,

Таңырқай берме, қарағым.

Санаулы басқан әр адым,

Отыздан асып барамын.

Белгісі тұр ма ағаның,

Бетіме неге қарадың?

Бақытым тілеп баланың,

Отыздан асып барамын.

Қуанып кейде қаламын,

Қуарып кейде қаламын.

Аттанған ата-ананың

Артынан қуып барамын.

Әзілің қайда, қарағым,

Әжімге несін қарадың?

Артымда қалып аларым,

Отыздан асып барамын.

Солай да, солай, қарағым,

Көңілдің таппай қалауын.

Жастықтың жықпай жалауын,

Отыздан асып барамын.

Өлең ұнап қалады да, гитарасын сабалай отырып, көкейіне жеңіл бір ән ұялағанын сезеді. Жора-жолдастары жиналған отырыста «құпия» әнді сынамаққа айтып көреді. Бірақ, «отыздан aсып барамын» деген тұсын «қырықтан асып барамын» деп, тaқырыпка сай аздап түзете орындайды. Өңшең 40-тың қырқасына шығып, желігіп алған сыныптас достары қойсын ба, әнді қайта-қайта айткызып, жаттап та алады. 

Осылайша азғана күннің ішінде Қажымұқан палуан жатқан Темірлан жұрты әнді ауызба-ауыз тарқатып әкетеді. Желден де жүйрік желмая ән көп ұзамай Мәдениет үйіне, Айқожа әншінің құлағына жетеді. «Мен айтайыншы»» деп жата кеп жабысып, Садықтан әнді қалап алады. Бірақ, Садық оған: «мен өз арамызда «қырықтан асып барамын» деп жай ермек үшін айтып жүрмін, сен кәсіпқой әншіcің ғой, Мұқағалидың сөзін бұзбай, «отыздан асып барамын» деп айтуың тиіс» деп ескертіп үлгереді. Бул 1995 көктемі болатын.

Бірде Садық қалың базарды базарлай жүріп, кіре берісте аудио кассета сатып отырған жігіттің магнитофонынан екпіндей кұйылған өз әнін естіп қалады. Айқожа көп ұзатпай, әнді дереу жаздырып, тарқатып-ақ жіберген екен ғой деп топшылайды. Сатушы жігігтен кассетаның қорабын алып, сыртына үңіле қарағанымен, авторларын таппайды. Міне, осылайша туған күнінде ғана айтып қоя саламын деген ән елдің делебеcін қоздыратын би әніне айналып, той-томалақты жағалап кете барады...

Б.Қаржан: Молдалар - дүниедегі ең өтірікші адамдар
«Елге сапар» («Ауылға барам») әнінің шығу тарихы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу