«Елге сапар» («Ауылға барам») әнінің шығу тарихы

Oinet.kz 03-12-2020 6117

Ауылым жайлы, бауырым жайлы жыр жазам, 

Сүйеніп тұрып анам сүйенген шарбаққа... 

Қайырмасы осылай түйінделетін «Елге сапар» әні биылғы жылдың «жыл әні» десек, мұнымызға ешкім талас тудыра қоймас. Ән сазының авторы бұдан бұрын-ақ «Алтынай», «Аппақ гүлдер», «Сені көргім келеді де тұрады" сияқты "хит" әндерімен  танылып қалған композитор Құралай Сәтмұханбетова. Әдетте жақсы әннің әншісін таппай сазгер қоржынында ұзағырақ жатып қалатын әдеті. Oған Шәмшінің «Арқалықтың ақ таңын», Ескендірдің «Алматының алмасын», Әбілахат Еспаевтың «Маржан қызын» мысал етсек те жеткілікті. Құралайдың бұл әнін де дәл солай бес жылдай іздеген әнші болған жоқ. Тек сазгердің өзі дастархан басында ән қолқалағанда ғана ауық-ауық айтып жүрді. 

— Бала күнгі әдетім, газетті жиі ақтарамын. Өзіме ұнаған тәуіp өлең болса, қойын кітапшама түртіп қоятыным бар — дейді Құралай апай бұл турасында.

Бәлкім, болашақ әндеріме «азық» болып қалар материал іздейтін шығармын. Бірде сол әдетпен «Қазақ әдебиеті» апталығын парақтай қарап отырғанмын. Айқарма бетінде Ибрагим Исаның бір топ өлеңдері жарияланған екен. Ішінен тақырыбы жоқ осы бір өлең ерекше ұнап қалды. Тура ауыл иісі аңкып, анамды еciме түсірді, бауырларым қол бұлғап тұрғандай керемет сурет көз алдыма елестеді! Ескі әдетпен дереу дәптеріме көшіріп қойдым. 

Жол жүрем бүгін тағы да бүгін жол жүрем

Ел жаққа барам жүрегім елдеп елжіреп

Ауылдың суы ауылдың нуы аңсатты

Күйбең тірліктің дүрбең шулары шаршатты


Ауылға барам, бәрі де туыс ел жақта

Аңқылдайды олар, қарамайды олар бар жоққа

Ауылым жайлы, бауырым жайлы жыр жазам

Сүйеніп тұрып анам сүйенген шарбаққа


Жол жүрем бармасам елге болмайды

Тынысымды ашам тіреймін елге маңдайды

Ет жақындарым аттанып кеткен келмеске

Көз көргендер де азайып қапты сол қайғы

Қол босаған сәттердің бірінде Құралай күйсандыққа отырып, қойын кітапшасындағы ауыл туралы ақын сөзін пюпитрге жаып, клавиштерде арлы-берлі саусақтарын жүгiрте бастайды. Ауылы, Семейі есіне түседі. Саусақ ұшына әннің алғашқы ырғақтары келгендей болады. Бірақ, әнге жоғары талғаммен қарайтын Кұралайға әуен нобайы ұнамайды. Жазған ноталарын дереу жыртып тастайды. Күйсандыққа қайта отырады. Әлгі әуен. Бұл не? Шаршады ма? Әлде муза мазағы ма? Басына баска ештеңе келетін емес... 

Өзiмен тетелес Қарлығаш әпкесі ілгеріде Шымкентке жездеci Әбілге тұрмысқа шыққан кезде, онда Құралай мектеп баласы жарты жылға келіп, бөбектерін қарап, Шымқалада окығаны бар. Сондағы сыныптастары әлі күнге дейін ұмытпай, жиі қонаққа шақырып тұрады. Әрине, отырыстың сәні - ән. Барлығы жабыла композиторды қолқалайды. Сондағы сұрайтындары - «Алтынай», «Аппақ гүлдер». 

- Бұл жолы мен сендерге жаңа бір ән айтып берейін, - деп, өзі ұнатпай, пісіре алмай жүрген әнін орындайды сол жолы. Байкап отыр, қайырмасына келгенде, бірқатар сыныптастары көздеріне жас іркіп қалған екен. Ән біте бере сыныптастары ду етin, «мынау бір тамаша ән екен, тағы бір қайталап айтшы» деп. Құралaйга бірнеше рет айткызып, қолқалаумен шаршатады. Сосын композитор да ойға батып, «Мына әнім елге унап жатқан сияқты ма, қалай, бәлкім, дұрыс ән шығар» деп, ертесіне ән өңдеушісі Aсхатқа барады. Екеуі ыңылдап компьютерге жазып отырғандарында, әрлі-берлі шәй жабдығымен жүрген Асхаттың келіншегі, филармонияның талантты әншіcі Гүлжазира Нүрпейісова әндi жаттап та үлгеріпті, қастарына келіп, әдемі үнімен қосыла кетеді. Жай қосыла салмай, «әнді мен айтайыншы» деп қолқалап сұpап алады. Содан композитордың «шалажансар» әні Гүлжазираның репертуарындағы әдемі бір ән болып шыға келсін! Асхат екеуі қайта-қайта айтқызады. Құралайдың өзі де қайырмасына келгенде жанарына қалай жас іркіп қалганын байқамай да қалады. Кейін жиын-тойларда екеулеп айтатынды шығарды. Бірақ, ән дәл қазіргідей халыққа оншалықты тарай қоймайды... 

Көп ұзамай «белгісіз» ән өскемендік әнші Бауыржан Рахымбековтың репертуарына түседі. Бауыржан Шымкентке келген бip сапарында бұл әнді той-жиындарда домбырамен айта бастаған Абылайхан Оспановты тауып алып, жата-жастана оны үйреніп, қолқалап сөзін жазып алады. Бірақ, әнді өзінше өңдеп, жалғыз әнді дискіге жазып, шығыс жаққа таратқанымен, бәрібір құлаққа сіңе қоймайды. Сосын Макпал Жүнісова екеуі дузтпен сахнаға алып шығады. Көп ұзамай әнді қазақы нақышпен Абылайхан Оспанон өңдеп, әлеуметтік желі арқылы елге таратады. Негізінен әннің елге кеңірек таралуына осы Мәскеу нұсқасы көбірек ықпал етеді. 

Ән сапары мұнымен де тоқтамайды, Жұбаныш Жексенұлы жаңа стильмен айтып көреді. Не керек, «Елге сапар» осылайша aуызба-ауыз тарап, халық сүйіспеншілігіне беленіп, елге сапарлай кете барады... 

Қазip екінің бірінің ауызында «Ауылға барам» (бұл әнді халық осылай атап кеткен). «Әркімнің туған жері-жерұйығы» демекші, кіндік қаныңның тамған жеріне сырлы сазымен шақырып тұратын, туған-бауырыңды елжірете аңсататын мұндай қазақы бояуы қанық әсем ән әлі талай жылдар ел ауызында өлмес туынды болып қала бермек!

«Отыздан асып барамын» әнінің шығу тарихы
КСРО-ны 18 жыл билеген Леонид Брежневтің соңғы фотосы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу