Бәсіре – бала мерейін өсіреді

Oinet.kz 27-03-2020 643

Қазақ шаңырағында ер бала дүнеиеге келіп, оң-солын танып, сүндетке отырғаннан кейін ата-әжесі немесе ата-анасы «бәсіре» атайтын болған. Көбіне сол күні туған құлынды немесе ботаны нәрестенің бәсіресі деп атайды.

Қазақ халқының ұғымы бойынша дүниеге келген баланың болашағы өзіне атаған бәсіремен тығыз байланысты. Бала өзіне аталған төлді ерекше күтімге алып, өзі бағады. Және сол арқылы мал бағуға, еңбекке үйренеді. Бала оны мінбейді және сатпайды. Бәсіре мүмкіндігінше жүйрік, жорға әрі біреу болғаны дұрыс. Бәсірені баламен бірге қадағалайды, бұла қып өсіреді. Бала «бәсіре тайым» бар деп өз ортасына мақтанып өседі. «Бәсіре» баланың мерейін өсіріп, ынталандырады. Есейе келе бәсіресі бар баланың малға деген ықыласы, пейілі түзу болады.

Төркіндеу – қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі
Қыдырма қонақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу