Тәбәрік деген не?

Oinet.kz 10-11-2019 613

Тәбәрік деген не? » Толқын - Арал аудандық қоғамдық-саяси газет

Тәбәрік деген сөзі талай естіген боларсыз. Әлде бірінші рет оқып отырсыз ба? "Тәбәрік болсын" деп тарту алған кездеріңіз де бар болар... 

Қазақ тіліне араб тілінен бірқатар ұғымдар еніп, кейбір сөздердің мән-мағынасы кеңейе түскен. Ислам дінін қабылдағаннан кейін сөз қорына енген "тәбәрік" сөзі қазақ халқының күнделікті тұрмыс-тіршілігінде өз орнын тауып, бірнеше мағынада қолданылуда. Соның бірі − қайтыс болған адамның артынан жыртыс, тәбәрік тарату үрдісі. Марқұмның артында қалған жақындары қайтыс болған адамға сауабы тие берсін деген мақсатта садақа беру ниетімен "тәбәрік" таратқан.

Жасы жүзге келіп немесе жүзге жақындап дүниеден озған қарттардың тірі кезінде тұтынған заттарын тәбәрік деп бөлісіп алады. Ол бізге де жұғысты болсын, біз де осындай жасқа жете берейік деген тілек пен ниет. Тәбәрікке әжелердің жиған зергерлік бұйымдары, киген киімдері, сандығына салып сақтаған заттары, қарт аталардың қамшылары, ер тоқымдары, бас киімдері мен жеке тұтынған заттары жатады.

Қандай сый тартсам екен, аға, саған,(Білмеймін, жараспайма, жарасама?!),Ешбір сый таба алмасам, аға, СағанӘппақ тонын – атамның тәбәрігін"Жүзге кел!" деп арқаңа жаба салам!

(М.Мақатаев, Ақ тұлпарым бар еді саған деген).

"Табрик" сөзі – ислам шариғаты бойынша екі түрлі мағынаны білдіреді:

1) Бір адамның басқа адам үшін Алладан береке тілеуі.

2) Алла Тағала өзінің қандай да бір жаратылысын игілік-берекеге бөлеуі.

"Табаррук" (тәбәрік) сөзі – бұл қандай да бір нәрсе (зат) арқылы игілік-береке іздеу және оны қабылдап алуға ұмтылу. Ал еліміздегі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы "тәбәрік" (теберік) сөзіне – естелік үшін алынатын не пайдаланатын қастерлі зат" деп анықтама берген.

Сәлделі имам көзін сүзіп, тәбәрікті созып, Бұхар мақамын күңірентеді екен (М.Әуезов, Таңдамалы шығармалар).

Сондай-ақ ауыспалы мағынада олжа, үлес сыйлық деп те қолданылады. "Жақсы сөз – жарым ырыс" деп халқымыз әрқашан жақсы сөз бен игі ниетке ұмтылған. Мысалы, келін түсіріп, той жасағанда немесе т.б. отбасылық қуаныштарға орай келген қонақтар шашылған шашудан "тәбәрік", яғни бізге де жұғысты болсын деп сарқыт алатын болған. Сонымен қатар, біреу ойын-тойда бәйге, жүлде алса немесе құдалық салт-дәстүрде кәде алса, сол кәдеден жанындағы адамдарға үлес беруі керек. Мұндайда жұрт одан "тәбәрік бер" деп сұрап алады. Олжалы адам әдет бойынша тәбәрік беруге міндетті, бермеуі ұят, сараңдық, дәстүр сыйламағандық болып саналады.

Қыз бұйымы – жігітке тәбәрік (А.Сапаев, Дала.). Сіздей адам енді бізге кезіге ме, жоқ па? Тәбәрік алып қалайық (Ә.Сараев, Тосқауыл).

Қазақ халқының тігіс түрлері
Құмалақшы Қазақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу