Габриэль Гарсиа Маркес болашақ жарын қалай жолықтырған?

Oinet.kz 14-03-2020 806

image.png

Габриэль Гарсиа Маркес өзінің болашақ жарын би алаңында кездестірген екен.

Жасы небары 13-тегі бойжеткенге бір көргеннен ғашық болған жас жазушы.., әлгі аруға сол жерде сөз салған көрінеді.

"- Менің осы күнге дейін жазып келген барлық ғашықтық ғазалдарым тек қана сізге арналғанын жаңа ұқтым.., маған күйеуге шығыңыз?!" дейді, жас жазушы.

"- Мен қарсы емеспін, - деп жауап береді, айдай сұлу Мерседес, - Тек, әуелі маған мектеп бітіруіме мұрсат беріңіз!?!"

Олардың неке қию рәсімі мен үйлену тойы тек араға бақандай 13 жыл салып барып қана жүзеге асты. Бұл жөнінде ұлы жазушының өзі кейінірек "Біз атастырылмадық та, некеміз де тез қиыла қоймады. Біз өз пешенемізге жазылған тағдырды асқан төзімділікпен, еш қайғы-мұңсыз күте білдік" деп еске алады.

Мерседес өз сүйіктісін барынша сүйіп қана қойған жоқ, ол оған бар қадыр-қасиетін жолына төсеп, шығармашылықпен алаңсыз айналысуына бүкіл жағдайды жасады.

Маркес өзінің "Жүз жылдық жалғыздық" романын жазуға отырған кезде, олардың үйінде тіске басар кепкен нан да болмады. Алайда, Мерседес ару үшін оның әлі де есімі таныла қоймаған күйеуі - "ұлы суреткер, ұлы жазушы" болатын.

Бір жарым жылдан кейін роман жазылып біткенде - оны редакцияға жолдау үшін Маркестің қалтасында көк тиын ақшасы да болмады.

Сол кезде Мерседес ару өзінің соңғы мүлігі - фені мен миксерін болмашы ғана ақшаға сатып, күйеуінің жаңа туындысын редакторлардың қолына тиюіне мүмкіндік жасады...

...көп ұзамай, Габриэль Гарсиа Маркестің "Жүз жылдық жалғыздық" романы қыруар қаламақы тауып, оның есімін әлемге әйгілі етті де.., Нобель сыйлығына ие болды.

Қанат Ескендір.

Абайдың әжесі
Мәшһүрдің соңғы үш өсиеті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу