Р. Тоқтаров / Абайдың жұмбағы
22-02-2021
М.Әуезовтың «Абай жолы» романының кейіпкері:
«Зере» - (1785 – 1873) – Абайдың әжесі. Өскенбай бидің бәйбішесі, Құнанбай қажының анасы.
Азан шақырып қойған аты – Тоқбала. Зерені Ырғызбай тұқымдары, барша ауыл адамдары "кәрі әже" деп атаған.
Қартайған шағында құлағы естімей қалған Зере немерелеріне дұға оқытып, үшкіртеді екен. Абай әжесін өлеңмен үшкірген.
Ақылды, зейінді, мейірімді Зере немерелерінің ішінде Ибраhимді ерекше жақсы көріп, оны Абай деп еркелеткен.
Ізгі жүректі, үлкенге қамқор, кішіге пана бола білген Зере әже Абай өміріне, ақындығына игі әсерін тигізген.