Мәшһүрдің соңғы үш өсиеті

Oinet.kz 16-07-2020 1430

image.png

«Жетпіс үшке келгенше балталасаң да өлмеймін, жетпіс үштен асқан соң майға бөлеп қойсаң да әрі өмір сүрмеймін,, деп дәл елу жасында айтқан сөзі екен. Бұл жайтты әркім әрқалай күткен еді. Алайда, үлкен баласы Шарапиден соңғы жылдары ешқайда ұзап жолға шықпай, үнемі әкесінің қас қабағын бағуда болды. Бірақ Мәшһүрде ешқандай науқастың белгісі жоқ, әрі көңілі де сергек еді. Мәшһүр өмірінен хабардар болғысы келген көрші ауылдың ақсақалдары, тіпті алыстағы жекжат ағайындары да жиі келіп кетісіп жатты.

- Қимайсыңдар, білемін. Құдай аламын дейді, ал Шарапиден мен Зейнеп бермеймін деп әлек, әй, қайдам- деп күліп қояды екен. Сондай күндердің бірінде, яғни 1931жылдың жаз ортасынан былай қарай:

- Мәшһүрмен қоштаса берулеріңе болады, тіршілігімде келіп бата жасаңдар, қолымнан келіп дәм татыңдар. «Тұрымтай тұсына,» деген заман болады, кімнің қандай жағдайда болары белгісіз, өз көзіммен көріп, батаға қатысайын,, -деп құлақтандырып та жіберді елді.

Алғашында қадама қадам болып келген адамдар легі кейін үлкен ас беру рәсіміне айналып кетеді. Мәшһүр әр ас соңынан кейін бата жасап, қолын жайып: «Көпейұлы Мәшһүрдің ол дүниеде бетінен жарылқасын» - деп қарқ қарқ күледі екен.

Міне, бұл Мәшһүр өз тіршілігінде көріп жасап кеткен өсиетінің бірі еді. Мәшһүр өтерінен бірер жұма бұрын сол кездегі өзіне көңілі жақын ауылдас серіктері болған Еламан- Есмағамбет ұрпағынан тараған Жүсіпті, Құдияр атасынан ұста Мәшірапты, Түлкі молланы, Құлшәріп дуананы шақырттырып алдырған болатын.

Ақ жуып, арулап қоюды да соларға тапсырады. Тек, дәрет суын тіршілігімдегідей келінім Ақзейнеп баптап беріп тұрсын, өлі денеге де бап керек - деген екен.

Ол аманаты да орындалды. Бұл жайдан кейін Мәшһүрді қараламақшы болған (1937),,пенделердің,, құлағына шалынып, келінін көп әуре сарсаңға салған еді.

Сондағысы , «Мәшһүрдің денесін немен дәріледі, судың құрамында қандай зат болды және саған тағы басқа қандай сырын айтты» деп қыспаққа алған еді.

Сонымен 1931 жылдың қысына қарай Мәшһүр дүние салып кетті. Ал Мәшһүрдің «қырық жылға дейін кеудем шірімейді, денем бүлінбейді, тірі адамдар оны көретін болады» - деп өзін ашық жерлеткені тағы белгілі.

Сүйіндік Көпеев естелігі.

,,Ғұлама ғұмыры,, кітабынан.

Раушан Жакешбай.

Габриэль Гарсиа Маркес болашақ жарын қалай жолықтырған?
Адамгершілік туралы шығарма. Байдың киесі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу