Көкте найзағай ойнатып, ұшақты жерге қондырған дұға

Oinet.kz 13-02-2020 858

image.png

Пәкістандық дәрігер Ишан Хусейни медицина саласын сіңірген еңбегі үшін марапатталуға халықаралық бір конференцияға бара жатқан еді.

Ұшаққа отырады. Бірақ ауа райы күрт өзгеріп, ұшақ ең жақын жердегі әуежайға қонуға мәжбүр болады. Ендігі ұшақ 16 сағаттан соң ұшады.

«Конференцияға міндетті түрде үлгеруім керек. Күте алмаймын» дейді дәрігер.

Әуежай қызметкерлері баратын қаласы 6 сағаттық жерде екенін, қаласа машина жалдап берейік дейді.

Хусейни асығыс жолға шығады. Бірақ қатты жаңбыр жолды көрсетпей, селдің салдарынан көлік жолда қалады.

Дәрігер жолдың шетіндегі ескі бір үйдің есігін қағып, ішке кірді. Үйде қарт бір әйел отыр еді. Дәрігер асығыс түрде оған: «Телефоныңды бере тұршы, қоңырау шалуым керек», деген кезде әйел: «Балам-ау, көрмей тұрмысың? Бұл жерде телефон түгілі электр қуаты да жоқ. Келе ғой жылынып ал, тамақ іш, содан кейін көре жатарсың», - дейді.

Дәрігер шарасыз келісіп, ішке енеді. Шәй ішіп отырған уақытта әйел кісі намаз оқып, ұзақ дұға етіп, Аллаға жалбарынды.

Хусейни назар салып қарап әйелдің бір бесікті тербетіп жатқанын, бесікте қимылсыз кішкентай нәресте жатқанын көрді.

«Мұншалық жылап дұға қылардай не жағдай болды? Мынау кімнің баласы, апатай?" – деп сұрайды. Қарт әйел: "Бұл – анасынан да, әкесінен де жетім қалған немерем. Ауыр дерті бар.

Жақын маңайдағы ешбір дәрігер емін таба алмады. Ишан Хусейни деген дәрігер бар екен, емін тек сол біледі дейді. Бірақ ол өте алыста, оған жету үшін бірнеше күн жол жүру керек. Шарасыздан «Алла бұл сәбидің дертін жеңілдеп, шuпасын берсін» деп Аллаға дұға қылудамын.

Дәрігер екі бетін жас жуған күйі: «Орныңнан тұрa ғой апатайым!!!. Алла сенің дұғаңды қабыл қылды. Сенің дұғаң көкте найзағай ойнатып, ұшақты жерге қондырды. Аспаннан жаңбыр жауғызып, жер жүзін селге айналдырып, мені сізге алып келді» деген екен...

Еврейлердің ең үздік мақал-мәтелдер
Көсем бегімнің нақыл сөздері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу