Көсем бегімнің нақыл сөздері

Oinet.kz 13-02-2020 709

image.png

Көсем бегімнің сөздері

1. Күң болдым. Туған топырағымнан бойжеткен шағымда қол үздім. Өлімге кесіліп тірі қалдым. Адастым. Туралықпен таққа жеттім. Қайратым қиындықпен қайралды, шыдамым арқылы жаһанға үміт гүлі болдым.

2. Еркек - еңсесін тік ұстаудан таймаса, әйел нәзік болудан танбайды.

3. Ешкім сен жүрген жолмен жүрмейді, сен де өзгелердің жолымен жүре алмайсың. Өмір - өз жолыңнан жаңылмай ғұмыр кешу.

4. Баланың көзінше үш нәрсені айт. Опасыз адамның көп боларын, отанды сүйудің ауыр боларын, бақтың тұрақтылығы - ақылға тәуелді боларын. Бұны бала шағынан түйсінбесе, ол хан тұрмақ, адам боп дұрыс өмір кеше алмайды.

5. Өтірік пен жала - ажырамас дос.

6. Туған топырақтың қадірін білмеген, туралықтың тұғырын қайдан ұқсын...

7. Сордан қашпа, сор боп жабысқан сынақтардан сүрінбеуге ұмтыл.

8. Менің досым болмады. Сенгендерім де сенімімді ақтамады. Адамдар атағыңа қарар болса, мансабыңа қарап сәлем берер болса, олардың саған шынайы болмағаны.

9.  Көз жасынан аттап, көңілге жара салғандардың тірі жүргені керек, олар әр қысастығы мен залымдығы үшін күн сайын өкінуі тиіс. Алайда көз жастың ауырлығын ұқпайтын жүрекке көз жастан қорық деп мазақ болғым келмейді.

Көкте найзағай ойнатып, ұшақты жерге қондырған дұға
Бауыржан Момышұлының күнделігінен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу