«Өсек ұлттың рухына үлес қоспайтынын түсінгейсіздер» - Ахметова мен Елшібаеваға қатты айтты

Oinet.kz 20-07-2022 2111

Әлеуметтік желіде Жайна Бекмұхамбетқызы есімді азаматша шариғат пен өнерді салыстырды. Айтуынша, қазақ шәй ішіп, өсек айтқанды жақсы көреді-мыс. 

Screenshot_8.jpg

"Зейнеп Апамыз бен Айгүл Елшібаева апамыздың әңгімелерін тыңдап, шешем музыкант болмағаны қандай жақсы-дедім.

Әжем, әкемді консерваторияның оқуынан шығарып алды, жынның оқуын оқымасын деп.

Өзі Ақтөбе Мемлекеттік педагогикалық коледжінің музыка бөлімін бітіріп барған еді. Бұрынғы атауын ұмытып отырмын, қаз3р пед.коледж әйтеуір.

Ғарифолланың термесімен тәрбиелеуге, шешеміз уақыт бермеді бізге. Шешем де, слухы да, даусы да, музыкадан өте алыс адам.

Бізді әр бір үй мен барған жерінен көріп, теріп келген терменің шәй құйғаны мен, қолының майысқанын, беті толықсыған ба? Көйлегі көк пе? Жеңгесін сипаттады? Шашын айтты ма?- шаруаларың болмасын. Өсекпен тәрбиеленіп,өсиет алғаннан, қойдың жүнін түтетіп, сабалап тазалап қойыңдар,- деп, бағытымызды іске бұратын.

Сонда да, музыканы оқып алып үлгердім ғой. Ішінде математикасы жоқ оқу-деп...

Ең алғаш дінді насихаттаған Дарын Мүбаровтың уағызынан кейін, Ислам дегенді білдім.

Музыкаға есім кетіп жүрген, конкурсттарды жеңгесін, жұлдызды ауруға ұшырау, сахнаға шығуға қиялымнан кетіруге себеп болған,осы "Музыка - харам", деген сөзі еді.

Әлі күніге дейін, мен өкінген емеспін, музыкадан алыстағаныма. Себебі ілім деген, шикізатыңда жатыр екен. Музыкада емес.

Музыка іс жүзінде іске үйретпейді, миыңды қиялға толтырып, уақытыңды кетіреді.

Сол бұрынғы жыршы ақындарымыз, біреудің үйіне шәй ішіп отырып, әйелге қарап, мүсінін, қолын фигурасын айтып уақыт өткізгенше,

Неге сол кісілер домбыраларымен қаламдарымен мал қораға кіріп, торсықтың жасалуы мен, ішектен жасалған жіптерді айтып, киіз басудың процессін, теріден қалай су өтпейтін материал жасауға болатынын әуенге қосса, нағыз өсиет ілім сол деген болар едім.

Айтқан жырау мен термелеріңізде, біреуге ренжігені, шәй құйғаны, иілгені, кеткені, келгені қысқасын айтқанда, өткеннің өсегін жастарға насихаттап, Қазаққа жанашыр болып жүрміз-деген ойда болсаңыздар, өте қателесесіздер.

Қазақ отырып тыңдағанды, әудеткенді, шәй ішкенді, тойға шашылғанды, көп сөз тыңдағанды ұнататын халық болдық.

Өзіңнен еш айырмашылығы жоқ, Өзбектердің жасаған жібін аламыз. Киімін аламыз.

Сахнаға жылтырап шыққанның, айтқан өсек әңгімесі әуенге қосылғанын қошемет көріп, төрге шығарамыз.

Осы кезге дейін, қаншама адамның уақытын ұрлаған музыканы ойласам, Зейнеп Апа екеуіңіздің өсиеттеріңізді тыңдап, Қазаққа сіздердей адамдар ақыл айтпаса екен дедім...

Домбыраны қаққанын дәреже көру, надандық. Домбыраның ішегін жасап көрген адам, қошеметке лайық нағыз сол.

Қоғамның бағыты мен санасын, басқасы басқа, Сопы тәрбиелемесінші",- деп жазды ол.

Ал, Имамдарға келер болсақ, үйінде Әке Шешесі арақты қойдыра алмаған баласын, имамның бір екі ауыз уағызы қойдырып жатқандар қаншама.

Үлкендер бере алмай отырған әдепті, Имамдар бергені әрі нәтежиесі болуы үлкен үлес,қоғамға.

Үлкендердің өсиеті, сіздердікіндей болса, абзалы имамдардың айтқанын тыңдап жүре берсін.

Мені сәләфит десеңіз де, қарсы емеспін.

Бастысы шашымды неден қорғанып, кеудемді неден жапқанымның ғылыми тұрғыда жауабын өзім зерттеп жүріп, қабылдаған шешімім.

Қаным Қазақ. Арабқа айналмады.

Шүберектің адамның денесіне қалай ілінсе де, не үшін ілгенін білетіндей санасы мен ілімі болғаны жөн.

Ауыз екі айтты екен деп,жүретін халықтан емес, қол мен ұстап, көзбен көріп зерттеуден ерінбейтін халықтан болайық.

Насихатты дұрыс жеткізе білейік,ұрпаққа.

Қандай әңгіме артыңда қалып жатырғанын зерделейік.

Ұрпаққа Сүгірдің Ауылға келіп кеткенін емес, шәйінің жапырағы қандай өсімдіктен алынғаны, құйған құманының балшығының жасалуын,т.б өмірге пайдасы бар, қолдана алатын дүниемен тәрбие қалдыруға тырысайық.

Ал, Айгүл Апамыз бен Зейнеп Апамызға айтарым, өсек-өсиет ұлттың рухына үлес қоспайтынын түсінгейсіздер.

Қоғамды Химиктер мен Медиктер тәрбиелесін, әртістер мен журналисттер, жазушылар емес тек!", деп жазды Жайна Бекмұхамбетқызы.

kaz.caravan

«Ішінде жын бар» - Атырауда 19 жасар сарбазды ұрып-соғып қоймай, жалған сөйлеуге мәжбүрлеген
Бұ атаңанәлеттермен қалай күрессек болады енді?!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу