Асқар Мырзахметов 2011 жылы 7 айда қандай тірліктер бітірді?

Oinet.kz 22-09-2011 902

Кешегі күні облыстық мәслихаттың сессиясында облыс әкімі Асқар Мырзахметов Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А.Мырзахметов халық қалаулыларына өзіне жүктелген міндеттер бойынша 2011 жылдың 7 айында атқарған жұмыстарының есебін берді. Биылдың жеті айындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына, жаңа жобалардың, мемлекеттік бағдаламалардың жүзеге асуына кеңінен тоқталған Асқар Исабекұлы облыстың тұрақты дамып, көптеген салаларда ауыз толтырып айтарлық жетістіктердің барын атап өтті.

Screenshot_3.jpg

Соныменен жеті айда жеткен жетістігіміз қайсы? Алда қандай міндеттердің тұр?     

Инновациялық идеялар жәрмеңкесі өткізілмек

Биылдың жеті айында Елбасының Жолдауын, өңірдің «Даму» бағдарламасын іске асыру және облыстың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту мақсатында облыс көлемінде біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда өнеркәсіп саласында

198,2 миллиард теңгенің өнімі өндірілді (2010 жылдың  7 айында ол 165,1 миллиардтты құраған болатын). Жыл басынан жаңа кәсіпорындардың ашылуы, өндірістің кеңеюі есебінен – 1938 өнеркәсіп орындарында 5401 жаңа жұмыс орны ашылды. Ал былтыр аталған мерзімде облыстағы

1307 кәсіпорында 3395 жұмыс орны ашылған болатын.

Облыста сапа менеджменті жүйесін енгізген кәсіпорындар мен мекемелердің саны да артып келеді.  2011 жылдың 1 тамызында ол 303-ге жетіп, былтырмен салыстырғанда 34,7 пайызға өсті.

Шымкент қаласындағы бұрынғы фосфор зауытының орнынан құрылған «Индустриалдық аймақ» жобасы жүзеге асуда.

2011 жылы аймақтың инфрақұрылымын дамытуға бюджеттен 1,4 миллиард теңге бөлінген. Биыл жыл соңына дейін онда 16 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланса, 7 айда оның 5-еуі орындалған.

«Индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттiк бағдарламасының аясында 2011 жылға жалпы сомасы 41,3 миллиард теңгені құрайтын 63 жоба жоспарланып, соның нәтижесінде 4651 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Оның ішінде индустриаландыру картасына 31 жоба енгізілген, ол жүзеге асқан жағдайда 2098 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Бүгінгі күні 31 жобаның 15 – і iске асырылып, 908 адам жұмыспен қамтылып отыр. Енді жыл аяғына дейін, кестеге сәйкес, қалған 16 жоба iске қосылып, 1190 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

2011 жылы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылымын аяқтауға 36 миллион теңге қаралды. Енді, облыс экономикасын өрге сүйрейді деп үлкен үміт артқан аймаққа жаңа жобалар тарту мақсаты тұр. Осы мақсатта аймақта тоқыма бұйымдары өндірісін ұйымдастыру үшін қуаттылығы жылына - 130 мың жүн мен түбітінен сырылған өнімдерді өндіру жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның құны - 561 миллион теңгені құрайды. Аталған жоба  2010 жылдың 5 қазанында мақұлданып, қараша айында құрылыс жұмыстары басталған. Ол сәтін салса, 2012 жылдың қаңтар айында аяқталады. Екіншіден, аймақта «Тігін фабрикасы және арнайы материалдар өндіру цехын» іске қосу көзделіп отыр. Жылына 150 мың дана арнайы костюм тігетін цех іске қосылса, 300 адам жұмыспен қамтылмақ. «АГФ групп» ӨК» ЖШС –нің бұл жобасы  жыл басында мақұлданып, мамыр айында құрылыс жұмыстары басталған. Жоспар бойынша ол келер жылдың бірінші тоқсанында аяқталады.

Өткен жеті айда облыстағы 485 кәсіпкерлерлік нысандарына «Даму» қорынан 18,7 миллирд теңге несие берілді (2010 ж. 7 айында  ол– 13,2 миллиард теңгені құраған).

2011 жылдың 7 айында «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығына 2224 жоба бойынша жалпы сомасы 5,4 миллиард теңгеге сұраныс келіп түскен, оның ішінде 1808 жоба жалпы сомасы 3,4 миллиард теңге мақұлданған. Өткен кезеңмен салыстырғанда бұл 1175 жобаға артып отыр. Бұл жобалар бойынша 1361 жұмыс орны ашылған. Ал «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша  9,5 миллиард теңге көлемінде 31 жоба мақұлданып отыр.

Инновацияны дамыту мақсатында ағымдағы жылдың 28-29 шілдесінде кәсіпкерлер мен ғалымдардың қатысуымен «Инновация және бизнес—бірлестік жетістігі» атты инновациялық конференция өткізілді. Енді облыста  арнайы орталық ашылып, тұрақты түрде инновациялық идеялар жәрмеңкесі өткізіліп тұратын болады. Сонымен бірге  қазан айында облысқа инвестиция тарту, облыстың мүмкіншілігін көрсету мақсатында  - үлкен аймақтық форум ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Жылыжайлар 51 пайызға ұлғайды

Биылдың жеті айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 68,3 миллиард теңге  немесе былтырдың осы мсерзімімен салыстырғанда 3,2 пайызға артты.

Соңғы екі жылда су шаруашылығы нысандарын қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесінде 77 мың гектар суармалы жерлер қайта айналымға қосылып, 9 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды. Бұл жұмыс биыл да жалғасын тауып отыр. 2011 жылы қалып отырған 26,7 мың гектар жер жыл аяғына дейін қосылатын болады. Бүгінге дейін оның  19,1 мың  гектары қосылып, оның нәтижесінде қосымша 6 мың адам жұмыспен қамтылмақ.

Қайта айналымға қосылған суармалы жерлерді ағын сумен қамтамасыз ету де назардан тыс қалып жатқан жоқ. Облыс көлемінде иесіз қалған ұзындығы 9974 шақырым 1406 канал коммуналдық меншікке берілді. Барлық аудандарда су беруші коммуналдық мекемелер құрылып, олар халыққа сапалы қызмет етуі үшін 954 миллион теңгеге 236 жаңа техника сатып алынды. Бұдан бөлек құны 13,5 миллиард теңгелік Шардара су қоймасынан Мақтарал ауданының 90 мың гектар егіс алқаптарына сорғыштар арқылы ағын су жобасы іске қосылды.

Оңтүстік Қазақстан облысы жылыжай өсіру мен тамшылатып суару әдісін енгізуде республикада көш бастап келеді. Жеті айда  жылыжайлар көлемі 51 пайызға ұлғайып 315 гектарды құрады. Оның көлемі жыл соңына дейін 370 гектарға жеткізіледі деген жоспар бар. Бұрын-соңды қолға алынбаған тың тәжірибе - 93 мектептің жанынан 11,5 гектар жерге жылыжай құрылысы салынды. Ал тамшылатып суару технологиясы 4852 гектар жерге ендірілді. Жыл соңына дейін тамшылатып суғару әдісін 19,0 мың гектарға жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Бір айта кетері,  2009 жылдың басында облыста тамшылатып суару әдісі бар жоғы 1 мың гектарға енгізілген болатын.

Халықты көкөніс, жеміс-жиденктермен жыл бойы қамтамасыз ету үшін жалпы сыйымдылығы 80 мың тоннаны құрайтын 38 қойма салынды. Ағымдағы жылы оның көлемін 150 мың тоннаға жеткізу жұмыстары жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемі 50 миллиард теңгені құрап, 8,4 миллиард теңгеге артты. 3 сүт, 2 ет, 2 жеміс-жидек пен көкөніс өнімдерін өңдейтін және 2 жүн өңдейтін қайта өңдеу кәсіпорындары іске қосылды.  Қаржы институттары арқылы агроқұрылымдарға 6,5 миллиард теңге несие беріліп, 2 есеге артты.   Бүгінгі таңда баға мәселесі маңызды болғандықтан, ауылдан келген шаруаларға Шымкент қаласында қосымша 340 әлеуметтік қатарлары ұйымдастырылды, аталған сауда орындарынан салық және жерге ақы төленбейді. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы өнімдерін сататын 23 сауда дүкендері ашылды. Сондай-ақ апта сайын жәрмеңке ұйымдастырылуда. Облыста ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, сатып алу, сақтау және сатуды қаржыландыру механизмі әзірленді.

«Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы «Шымкент қаласындағы сауда-логистикалық орталығы» ЖШС-ін 500 миллион теңгеге қаржыландыру жоспарлануда. Аталған орталық фьючерстік шарттар негізінде жергілікті ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерден өнім сатып алу, сырттан әкелінетін өнімдерді жеткізумен және оларды қоймаларда сақтап, қажет кезінде оларды сатқызу, коммуналдық базар ашу жұмыстарын жүргізбек. Ал, олардың сатып алу және сату бағасы облыстық штабпен келісіліп отырады.

2011 жылға арналған облыс бюджетінің жалпы көлемі  309,0 миллиард теңге құрап, 19,2 пайызға өсті.

·  Кірістер көлемі 180,8 миллиард теңгені құрады, оның ішінде жергілікті бюджет кірісі 14 пайызға артты.

· Жергілікті бюджеттің әрбір салық көздеріне талдау жасалып, өзіндік кірістер 53,8 миллиард теңгеге жеткізілді немесе бекітілген бюджетпен салыстырғанда 5,2 миллиард теңгеге ұлғайтылды.

· Жұмыстарын толық атқармай тұрған жылды шығынмен аяқтаған коммуналдық меншіктегі заңды тұлғаларды оңтайландыру, әрі біріктіру жұмыстары жүргізілді.

· Мемлекеттік үлесі бар заңды тұлғалар 477,8 миллион теңге пайдамен аяқтады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 212,5 миллион теңгеге артық.

· Бос, иесіз және кезінде жекешеленіп, пайдаланбай тұрған нысандарына түгендеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, пайдаланбай, тозуға айналған 100 - ден  астам нысандарды қалпына келтіру үшін бюджет қаржылары есебінен және мемлекеттік және жеке меншік әріптестік аясында пайдалану үшін тиісті жұмыстар атқарылатын болады.

Бастарбек Пірімбетов: «Театрдың табысы рухани құндылықпен өлшенеді»
Әлтаев та командадан кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу