Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН. Иттиме

Oinet.kz 10-09-2020 1095

Иттиме.jpg

1992 жылы аяқ астынан бір жарым жасар кенже қарындасым қатты ауырып қалды. Алды-артынан қара су кетті.Екі күнде көзі шүңірейіп бала дел-сал күйге түсті.Дәрігерлер қанша тырысса да нәтиже болмады.Шешем жан ұшырып Шалқар қаласында тұратын халық емшісі Сұлу апайға барды.Ол кісі балаға бір қарады да,"жағдай қиын балаға "иттиме" ауруы жабысыпты.Тап бүгін өлген итті тауып сол жерге баланы үш рет ұшықтап аунату керек. Ертеңге қалса іс насырға шабады-деді.Содан ауылға келіп өлген ит іздедік.Таппадық.Түс ауды.Баланың жағдайы ауырлап барады.Екі көзі ашылып кірпік қақпай қимылсыз жатыр. Ыстықта табанымыз күйіп  құм кешіп жүрміз.Шешем жылап жүр.Бір үлкен кісі екі-үш күн бұрын ауылдың күн шығыс бетінде талдың түбінде қара ит өліп жатыр-деді. Бәріміз баланы құшақтап тұра жүгірдік.Шыныменде өлі ит жатыр.Итті сүйреп тастап жатқан орнына науқас қарындасымды үш рет аунатып киімдерін түгелдей шешіп ит пен бірге өртеп жібердік. Баланы таза орамалға орап үйге әкелдік.Ашық жатқан көзі жұмылып үнсіз қимылдамай қалды.

Зәріміз ұшты.Бір айналып келіп қарасақ сәби көк терге түсіп ұйықтап жатыр.5-6 сағаттан соң,бала басын көтеріп ыңырсып дыбыс берді.Қатты шөлдепті. Қара шәй бердік.Іші сап тиылды.Құсқан жоқ.Көз жанары кіріп адамға көзі түсті.Ертеңіне қарындасым құлан таза жазылып шауып кетті.

Міне,"иттиме" тигенді өз көзіммен көріп жазып отырмын.Интернеттен бұл жайлы түк дерек таппадым.Соған қарағанда Қазақ халқының әлі біз білмейтін құпиялары мен ем-домдары көп сияқты.

Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН

Қазақ күйеу балаға неге төс тартады?
Майқы бидің өлеңі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу