Бір дорба дәрі

Oinet.kz 10-09-2020 712

Дорба.jpg

"Ауру-айтып келмейді"-дейді,бізде олай емес қазақ жеріне ескертіп келді.

Айтпақшы, "Ауру-адам таңдамайды" деген тағы бар ғой,бірақ біздің елде таңдайтын сияқты ма,қалай өзі?...

Осы атың өшкір індет ешқайда шықпай үйде қамалып отырған шаңырағымызға тұтқиылдан шабул жасады.Бірден бес-алты отбасы мүшелерін төсекке сұлатты.Аурумен күні-түні алыстық. Арпалыстық. Бірде ол бірде біз жеңеміз.Алдымен тәбетімізді тартып алды. Кейін иіс сезу мен дәм сезу қабылетіміз тұтқынға түсті.Сіркеміз су көтермей қалды.Тоқтамайтын тер. Арты жөтелге айналды. Қырсық қылғанда сол маусым айының онынан кейін, дәріханада дәрі, ауруханада орын болмады.Жұрт дүрбелеңге түсті.Қаншама отбасы жақындарын жоғалтты.

Қазақстан теңселіп қызғындап тұрды...

Тынымсыз күрессек те сырқатқа қарсы дәрі-дәрмектер ауадай қажет болды. Әсіресе шешеме ауыр тиді.Денесі күйіп диванда укілеп жатыр. Шкафты ақтарып тұмау мен суық тигенге арналған бір дана дәрі таптық.Ол кімге жетеді?

Содан тәнтіректеп жүріп гостроль кезінде ұстайтын жол сөмкемді тауып алдым.Соңғы рет 2019 жылы қараша айында он күнге Қызылорда облысына іс-сапарға барған едік.Гостроль сайын дәрі-дәрмек арқалып жүретін әдетім бар.Өйткені, ұзақ жолда әртістер көп ауырады.

Аяқ астынан уланып немесе суықтап қалады. Ауылдық жерде кімнен дәрі сұрайсың? Өзімде қыр соңымнан қалмайтын созылмалы "бронхитім" тағы бар.

"Атаңа нәлет" көкжөтел 2002 жылы алпыс күн бойы автобуспен ел аралап концерт қойып жүргенде жабысты.

Содан сөмкені ашып қалсам бір дорба дәрі-дәрмектер жатыр.Әкем тіріліп келгендей қуандым. Іздеген дәрілер табыла кетті. Ампициллин, парацетамолмен жылап көрістім.Келінім тәжірибелі медбике еді, үйде жатып "укол" алдық.Соның арқасында сауығып тұрдық.Әрі қарай халық еміне көштік.Ыстық сүтке май,бал салып іштік.Арада бір ай уақыт өтседе әлі бір түрлі уланған шыбын құсап қаңғалап жүрміз. Жалпы,бұл індетке бір шалдықсаң жабысқақтай жабысып алады екен.Үздіксіз күресу керек.Жеңілмеңіздер. Ауырып жатқан ағайындар,тездетіп айығып  кетіңіздер...

Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН

Жастар неге сақал өсіреді?
Бұйырмаған бұлақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу