Бақыт деген не? (Бақыт деген не?)

Oinet.kz 10-09-2020 805

Бақыт.jpg

Кез келген адаммен сөйлесе қалсаңыз, «жолым болмай, қор болып жүрмін», «сәтсіздіктерге жолығамын да жүремін», «кедейліктен көз ашпадым»,

"көргенім жоқшылық боп кетті», «отбасымыздан тыныштық кетті»,

«саудам жүрмей қойды»,

«қарызға батып қалдым»,

«балаларым тілімді алмай жүр»

деген секілді арыз-шағымдарды естіп жатасыз. Бір нәрсені құрастырып шығарған өнертапқыш сол нәрсенің іші-сыртын, оған не керек, не зиян екенін жақсы білетіні секілді, бүкіл адамзатты жаратқан Алла Тағала да біздің рухани, материалдық қажеттіліктерімізді бәрінен артық біледі. Ендеше, басымызға түскен қиындықтардың шешімін неге Одан ғана сұрамасқа?! Неге Аса Қамқор, зор Құдіретті Алладан пана тілемеске?! Ол бізге шынымен пайдалы болатын шешімдерді ұсынады. Ол бізді кез келген қайғыдан, күйзелістен шығарып ала алады.

Ертеде сахараның ортасында келе жатқан түйе су табылмай қатты шөл қысып өлген деседі, алайда су оның өркешінде болған еді... Біз неге сол түйеге ұқсауымыз керек?! Ол жануар, ал біз ақыл-санасы бар адам емеспіз бе? Айтыңызшы, су қасыңызда болса, шөлдеп қажеті қанша?! Ендеше, уайымдамаңыз! Сіздің «Егер құлдарым сенен Мен туралы сұраса: «Мен өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін» дейтін Жаратушыңыз бар, дұғаңыз бар! Жүрегіңізді Аллаға байлаңыз да, маңдайыңызды сәждеге қойып, Алланың мейірімінің есігін қағыңыз!

«...Алланың мейірімінен күдер үзбеңдер! Ақиқатында Алла күнәлардың барлығын кешіреді. Өйткені, Ол – өте Кешірімді, ерекше Мейірімді» («Зумәр» сүресі, 53-аят)

Пияз дене қызуын түсіреді
Әзілхан Нұршайықовтың нақыл сөздері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу