Ақша, ақша және ақша деген сөзді кім ойлап тапты?

Oinet.kz 01-10-2020 1141

Ақша.jpg

Бұл сөзді айтқан адам ретінде Наполеон I (1769—1821), әскери теоретик граф Раймондо Монтекукколи (1608—1680) айтылады. Бірақ, індетіп зерттей келе сөздің нағыз иесі италиялық Людовико Гвиччардини екені анықталған. «Демалыс кезі» (1565) шығармасында маршал Джан-Джакопо Тривульцио (1448—1518) Людовик XII-нің "Милан герцогын жеңу үшін әскерге қандай дайындық керек?" деген сұрағына дәл солай жауап беріпті. Мына постты оқығанда бірден есіме түсті.

***

Ақпарат құралдарында Армения әскері шегінгені жайлы жазылды. Сеператистерге бүйрегі бұратындар "тактикалық шегініс, кейін қарсы шабуыл болады" дегендей уәж айта бастады. Ал өз басым Таулы Қарабақты азат етуге аттанған әзербайжан армиясына  қарсы тұрарға қауқары қалмады-ау деп білемін. Өйткені соғыс қаржылық тұрғыда да тым қымбат. Мәселен Т-72Б танктерінің әр данасын орыстар  кемі 4,5 млн долларға сатады. С-300 зениттік зымыран кешендерінің бір дивизионы 250 млн доллар шамасында. Бір дивизионда 12  "мұржа" болатынын ескерсек, төрт-төрттен зымыран тиеген үш машина ғана деген сөз. Сонда зениттік зымыранның бір батареясы 80 млн доллар.  Атылған әр зымыранының бағасы 25 мың долларға дейін жетеді.  "Смерч" реактивті атыс құралы шамамен 12,5-13 млн доллар. "Град"  болса одан сәл арзан. Бірақ кемі 7-8 млн долларға жететін шығар. Оның үстіне әр снаряд ақша. Мысалы 2005 жылы "Градтың" ең арзан снарядының бағасы әр данасына 5 мың рубль еді. Одан бері 15 жыл өтті. Қазір кемі 10-15 мың рубль шығар. Снарядтар модификациясына байланысты қымбаттай береді. Демек бір "Град" толық залп жасаса 40 снаряд зу ете қалады. 10 мыңмен есептесек 400 мың рубль, теңгемен 2 млн, доллармен 4650 болады. Бірер секундта жоқ болады бұл ақша. Оған жүк көліктерін, артиллерияны қосыңыз. Т-72Б  танкісі 100 шақырым үшін 450 литрге дейін дизель отынын "жейтінін" де қосыңыз. Ал 27 қыркүйектен бері Bayraktar TB2 дрондары видеосын түсіріп һәм жойып жатқан техникаларға қарасақ, армяндардың шығыны орасан болып тұр. Қаржы жағынан. Меніңше кемі 1 млрд доллар болатын техника мен оқ дәрі жойылды-ау. Ал Арменияның бюджеті 3 млрд доллар.

Әрине Әзербайжанның да қаржылық шығыны аз емес. Бірақ олар соңғы 20-25 жылдар армияға шамамен 20 млрд доллар бағыттаған ел. Қазір да қаржысы бар. Сондықтан Таулы Қарабаққа бекінбек болған сеператистердің жерді босатудан немесе айтқанға көнгеннен басқа амалы қалмайтын шығар. Ең дұрысы 1 млрд долларды бейбіт тұрғындардың игілігіне жұмсап, басып алған 7 ауданды қайтарып, Баку ұсынған талаптарға көніп отырғанда армян халқы ұтылмас еді. Енді азаматтары өліп, техникасы қирап, салған ақшасы желге ұшып жатыр.  Ал Әзербайжан әскері аймақтың басым бөлігін азат етпей тоқтамайтын шығар. Дұрысы да сол.

Айтпақшы Әзербайжанның Қорғаныс министрлігі бүгін армяндардың 4 дана  "Град" қондырғысы жойылғанын хабарлады. Демек армяндар қалтасынан  кемі 20 млн доллар тағы желге ұшты деген сөз. Өткенде С-300 дің бір батареясының күлі көкке ұшқан. Екі мысалдан-ақ 100 млн долларлық техника жойылғанын байқайсыз. Соғыстың экономикалық сипатының бірі осы. Сеператистердің шансы қалған жоқ.

Авторы Amangeldi Qurmetuly

Үлкендердің батасы жабылған есікті қайта ашады!
Дарвин адамның «маймылдан жаралғанына» әлемді қалай сендірді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу