Туыстық атаулар туралы деректер. Жиен мен немеренің айырмашылығы

Oinet.kz 06-09-2020 5449

Немере.jpg

Өз басым туыстық атауларда қыздан өрбігін ұрпақтың "жиеншардан" әрі қарай қалай аталарын білмеппін. Міне, қызық!

"Қыздан туған баланы   қазақ – "Жиен" деген. Жиеннің  баласы –  "Жиеншар".

Жиеншардың баласы–

"Дегеншар".

Дегеншардың баласы –

"Көгеншар".

"Көгеншардың баласы –

"Көбеңшар".

Көбеңшардың баласы –

"Тебеншар".

Тебеншардың баласы –

"Өлеңшар" деп аталады екен.

Халқымыз жиенді осылайша жеті атаға дейін таратқан екен.

Ал, сегізінші ұрпағын "қаймана" дейді екен... "

деген жазбаны осы желіден біреудің парақшасынан байқап қалдым (Парақша иесінің атын таппай қалдым).

Соңғы "қаймана" сөзі тілдік қолданыста бар бүгінде.

"Екі туып бірі қалған егіздің сыңары ма еді?  Әйтеуір, қаймана қазақтың бірідә" дегенді талай еститінбіз.

Ал, мынау архаизмге айналып бара жатқан бұл туыстық атауларын білмек түгілі ұлдан туғанды да, қыздан туғанды да "немере"  дейтінді шығардық.

Ұлдан туған өз немерең,

қыздан туған жиенің (өзгенің немересі) болады. Барлық нәрсені өз атауымен атау керек деп ескертсең, шамына тиіп "шап"  ете қалатын ата-әжелерді көргенде қатты ұялып кетемін. Осылай қазақтығымыздан арылмасақ болғаны.

Не сәнге айналғанын қайдам, жасы келген

көзі ашығы да, жабығы да жиендерін "немере"  дейтінді шығарыпты.

Өзімде Алланың берген бір түйір қызы бар.

Одан өрбіген ұрпақты (құдай қаласа) немерем деп айтуға құқым жоқ менің. Өйткені ол өзге елдің ұрпағы, немересі.

Қанша жерден еміреніп, езіліп тұрсам да қызымның балаларын мен "жиен" деуім керек.

"Үйге жиендерім келді",

"жиенімді қыдыртып жүрмін", "жиенге сыйлық алдым" дегеннен ол сенен алыстап кетпес.

Қыздың балдарын қанша жерден "немерем" дегеніңмен өз балаңдай жақындай қоймас дегенім ғой.

Ол бәрібір өзге елдің тегін көтеріп жүрген  ұрпақ жалғасы емес пе?!...

Әлия Әшім


Анасының қызына міндетті түрде айтуы тиіс 50 кеңес
Көпті көрген қарияның өсиеті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу