Атақты Бетпақдала туралы қызықты деректер

Oinet.kz 05-09-2020 1591

Бетпақдала.jpg

Бетпақты "шөл дала, қу тақыр" деген қате пікір қалыптасқан көрмегендер арасында. Бетпақта таудағыдай ағып жатқан бұлағы болмаса да құдықтар бар. Кезінде совхоздың сан мыңдаған атарлы қойлары, жылқылары, түйелері сол құдықтардан су ішкен. Бетпақ, Созақ ауданының жазғы жайлауы болған. Шөптері, негізінен, баялыш, жусан, ебелек, саған, ноқетек т.б түрлері бар. Малға жұғымды. Сулы аймақтарға қарағанда Бетпақта жайылған малдың еті тығыз әрі құнарлы келеді. Жаңбыр суынан жиналған үлкен- үлкен қақтары болады. Ол қақтар шілденің ортасына дейін тартылмайды. Бетпақты жайлаған Ақ бөкендер мен басқа да аңдар сол қақтардан су ішеді. Бұрынырақта Түркістан мен Ресейді байланыстырған сауда керуен жолдары да болғаны тарихтан белгілі. Жол бойындағы керуен бекеттердің орыны әлі де бар. Созақтың ақын қызы Мехнаттың "Біз жаққа кел. Ағатай..Бетпақты естіп, "Шөлден өліп қалам" деп..Уайымдама" -деген өлең жолдары осы негіздерде айтылған.

Қазіргі уақытта, Созақ ауданы уран өндіруден алдыңғы орынға шығып, еліміздегі донор аймақтардың қатарына қосылды. Ел байлығының елеулі бөлігі Бетпақ даладан шығып жатқанын көпшілік біле жүрсе деген ойым еді, құрметті оқырман!

Айдар Темірбекұлы

Сұлтан Бейбарыс туралы қызықты деректер
Созақ көтерілісі туралы деректер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу